No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

Инвестицияны қайда салған тиімді?

Қоғамда айлығы шайлығынан аспайтындар жетерлік. Бір тиінды екінші тиынға құрап, бір мезетте бірнеше жұмысты қатар алып жүргендерде бар. Бірақ бұл жоғары табысқа жеткізбесі анық. Артық дәулет жинаудың жолы – инвестиция. Ақшаңызды қайда тиімді инвестициялаға болады? Осыған қысқаша сараптама жасайық.

02.07.2022
Қаржылық кеңес
22
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жылжымайтын мүлікке ақша салу

Инвестицияның ең тиімді тәсілдерінің бірі  жылжымайтын мүлікке ақша салу. Ең тиімдісі, құрылысы енді басталған үйге ақша салған. Неге десеңіз, құрылыс компаниясы адамдарды көбірек тарту үшін үстеме ақысын барынша түсіріп беруге тырысады. Оның үстіне жаңадан салынған құрылыс нысанын алғанда бағаны көтеретін делдалдар жоқ.

Сондай-ақ, қайтармалы рыноктан қолжетімді бағаға пәтер сатып алып, оны жалға беру арқылы да жақсы ақша табуға болады. Жалпы, жылжымайтын мүлікке салған ақшаңыз ашқашан құнсызданбайды. Үй бағасы уақыт өткен сайын өспесе, түспейді. Сондықтан да, ақшаңызды инфляциядан сақтаудың ең тиімді тәсілі &ndash жылжымайтын мүлік алу.

Бизнеске ақша салу

Инвестицияның тағы бір кең таралған түрі бизнеске ақша салу. Бұл тәсілдің бірнеше түрі бар, енді соларға тоқталайық. Ең алдымен, ақшаңызды өзіңіз ашқан бизнеске салу. Бұл сізге жоғары деңгейде табыс түсіреді. Оның ең үлкен кемшілігі: қомақты алғашқы капитал, бизнесті жүргізудегі мол тәжірибе керек. Бизнеске ақша салудың екінші түрі: бизнес жобаларға қатысу. Сіз бизнестің иесі болмасаңыз да, қарызға ақша бере отырып, түскен табыстың бір бөлігін иеленесіз. Бұл тәсілдің кемшілігі: жақсы бизнес жобаларды таңдай білуде, егер табыс әкелмейтін жобаларға қаржыңызды салсаңыз, табыс таппақ түгілі, салған ақшаңыздан айрылып қалу қаупі бар.

Бизнеске инвестиция салудың тағы бір түрі дайын бизнесті сатып алу. Ақшаңызды салып, сатып аласыз да, басыңызды ауыртпай бірден дайын бизнестен табыс таба бастайсыз. Оның бір кемшілігі: табыс түсіретін жобаларды таңдай білуіңіз қажет, әтпеген жағдайда ақшаңыздан айрыласыз. Бизнеске ақша салудың кең таралған тағы бір түрі: жұмыс істеп тұрған бизнеске әріптес ретінде кіру немесе акцияларын сатып алу арқылы салымшы болу. Бұлардың бәрі де егер дұрыс жобаны таңдай алсаңыз ғана жақсы табыс түсіретін тәсілдер.

Қаржылық қорларға ақша салу

Артық ақшасы бар адамдардың көбі бүгінде қаржылық қорларға ақша салып, құнды қағаздар сатып алады. Ең сенімдісі, мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу. Бұл анау айтқандай аса жоғары табыс түсірмесе де, өте сенімді. Құнды қағаз сатып алудың артықшылығы: осылай жасау арқылы сіз акционер болып, директорлар кеңесінің жұмысына қатысасыз және салған ақшаңыз көлеміне  қарай табыс тауып отырасыз. Кемшілігі: дивидент төлеу мөлшері компания басшылығы мен көп акция ұстаған акционерлердің ұстанған позициясына байланысты болады.

Банк салымдары

Қазіргі күні ең көп таралған инвестиция банк салымдары десе болады. Өкінішке орай, банк салымдарының өсім проценттері өте төмен болғандықтан, одан көп ақша таба алмайсыз. Рас, мемлекет кепілдендірген мөлшерде ақшаңызды сақтап қалуға кепілдік бар, дегенмен, өсім көрсеткіші төмен болғандықтан, ол инфляцияны әзер жабады. Яғни, банк салымдары арқылы бақуаттылыққа жетемін деу қиын іс.

Пайшылардың инвестициялық қоры

Ақшадан ақша жасаудың бір тәсілі ретінде инвесторлар ПИФ, яғни пайшылардың инвестициялық қорларын пайдаланып жатады. Бұл шындығында кең таралған және барша бұқараға қолжетімді инвестиция құралы. Бұның бір артықшылығы: оның қызметін мемлекет қатаң бақылауда ұстайды, сондықтан алаяқтыққа жол берілмейді және қор банкрот болған жағдайда салымшылар өз қаржыларын қайтарып алады. Яғни, тәуекел жоқ. Бұның бір кемшілігі: табысты сіз бірден таппайсыз, біраз жылдар күтуіңізге тура келеді және табысыңыздан салық ұсталады.

 

 

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Қай жерде 700 мыңнан бастап жалақы алуға болады?

17.07.2023
фото: ашық дереккөз

18 шілдеге дейін салық органдарына қандай қаржылық есепті өткізу қажет?

14.07.2023

Мүгедектігі бар жандардың туыстарына күтім жасағаны үшін еңбекақы төленбек

27.06.2023

Банк алдындағы қарызын 90 күнге кешіктірген азаматтарға несие берілмейді материалға сілтемені көшіру

27.06.2023

Бірыңғай жиынтық төлем жойылғаннан кейін МӘМС үшін қалай төлемді жасауға болады?

26.06.2023

Әскерде мерзімді борышын өтеп жүргендердің несиесі тоқтатылады

29.05.2023

Ұсынылатын материалдар

Психологиялық тест: табысқа деген ынтаңыз қандай?

11.01.2023

Уоррен Баффет Дэротестер Омаханың «Пилигригаж» айына қоштасу – Financial Times

05.05.2025

Ақшаны қате аударғанда не істеу керек?

04.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа