Ведомствоның мәлімдеуінше, жоғары және пассивті кірістілікке уәде беретін жалған қаржы компаниялары «Қазмұнайгаз», «Теңізшевройл» мұнай компаниялары, «Бәйтерек Инвест» мемлекеттік цифрлық платформасы, және «Kaspi bank» сияқты ірі жобаларға ақша салуды ұсынады.
“Азаматтарды сендіру үшін алаяқтар белгілі компаниялар мен банктердің, ақпараттық порталдардың логотиптерін пайдаланады, сонымен қатар белгілі тұлғаларды қатысушы ретінде көрсетеді”, – деді ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Мамандардың айтуынша, мұндай жарнамалардың барлығы жалған, шындыққа жанаспайды және онда қаржылық пирамиданың белгілері бар.
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан азаматтарын мұндай ақпаратқа сенбеуге шақырады. Әрбір ұйымды Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігінің тізімінен және басқа уәкілетті органдар арқылы тексеру қажет.