No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Салық

Астық экспорттаушыларға қосылған құн салығы тексерусіз қайтарылады

Астық экспорттаушыларға ҚҚС жеңілдетілген қайтару жөніндегі пилоттық жоба өткен жылдың қараша айында Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

14.06.2022
Салық
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Пилоттық жоба осы саланы сауықтыруға және жосықсыз бәсекелестікті жоюға бағытталған. Жалпы, 2019-2021 жылдары 157 млрд теңгеге 2,7 млн тонна астық импортталды.  Оның ішінде Ресей Федерациясынан – 145 млрд теңгеге 2,7 млн тонна астық бар. Өз кезегінде, жалпы астық экспорты 2,1 трлн теңгеге 20,2 млн тоннаны құрады. Оның ішінде РФ – 55 млрд теңгеге 441 мың тонна. 2019-2021 жылдары астық пен ұнды экспортқа шығарушыларға 127 млрд теңге мөлшерінде қосылған құн салығы қайтарылды, оның ішінде: 2019 жылы 21 млрд теңге, 2020 жылы 27 млрд теңге, 2021 жылы 50 млрд теңге», – деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.
⠀
Спикердің сөзінше Ресейден импортталған бидайдың үшінші елдерге, оның ішінде кері экспорттау және олар бойынша ҚҚС өтеу тәуекелдері бар екенін ескеру қажет.
⠀
«Мұндай тәуекелді болдырмау үшін Комитет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ҚҚС-ты жеңілдетілген қайтару бойынша пилоттық жобаны іске асырды. Жоба нарықтағы заңсыз әрекеттерге қарсы іс-қимыл жүргізеді. Бұл мемлекет пен бизнестің бірлескен саясаты. Басты мақсат — бұл саланы сауықтыру және жосықсыз бәсекелестікті жою», – деді Қайрат Миятов.

Байланысты Материалдар

Онлайн жұмыс істейтіндерде салық төлеуге міндеттеледі

05.01.2023

Жиған-тергені арнасынан асқан байлар 2024 жылы салық төлемек

05.01.2023

Жеке тұлғалар салық бойынша Telegram арқылы көмек ала алады

16.12.2022

Шағын бизнес субъектілері үшін Салық кодексіне түзетулер енгізілді

13.12.2022

Салық төлеушілерге жедел көмектің екі сервисі іске қосылды

13.12.2022

1 қаңтардан бастап кімдер декларация тапсырады?

06.12.2022

Ұсынылатын материалдар

Кез келген келісімшартқа қол қоймас бұрын неге көңіл аудару қажет?

18.01.2023

7 пайыздық несие: «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ өңдеу өнеркәсібін қаржыландырады

28.11.2022

Чек бермегені үшін 474 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

16.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа