No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Квику» микроқаржы ұйымы лизенциясынан айырылды

07.08.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.

Айта кетейік, лицензиядан айыру үшін «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларындағы талаптар негіз болды. Бұл тұрғыда қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асырса, тиісті шешім қабылданады. Сонымен қатар, заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда лицензиясынан айырылады.

«Бұл жағдай қарыз алушылардың борыш жүктемесінің негізсіз ұлғаюына әкелген, яғни МҚҰ-ның жүйелі түрде қызметін теріс пайдаланғанын байқатып отыр. Микроқаржы ұйымын лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды», – деп нақтылады агенттік.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәліметіне қарағанда, микроқаржы ұйымы өз қызметінде он екі ай ішінде есептеу тәртіптерін және қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің әрі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндерін сақтамауына жол берген. Сондай-ақ қарыз алушылардан заңда көзделмеген өзге де төлемдерді алуға қатысты заң бұзу әрекеттерін жүргізген көрінеді.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

ҚР АШМ мен «Wintersteiger AG» компаниясы өзара тиімді ынтымақтастық туралы уағдаласты

11.12.2022

Қазақстанда заңсыз жүрген 600-ге жуық шетел азаматы шығарылды

03.07.2023

Жетісудың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда өңдеу ісіне басымдық беріледі

02.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа