Оралда кәсіпкерді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің қалай ұсталғаны туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин айтты.
“Қылмыс жасалған жердегі барлық бейнебақылау камерасын қарап шықтық. Соның арқасында қылмыскерлердің қай жаққа кеткенін білдік. Бүгін сағат 10:30-дың шамасында Орал қаласының “Көктем” саяжайында екі күдікті құрықталып, полиция департаментіне жеткізілді. Олар полицейлерді көргенде қашты, бірақ қарсылық көрсеткен жоқ. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Онда 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған”, – деді Жаншин арнайы ұйымдастырылған брифингте.
“Ондай ақпарат жоқ. Тергеу кезінде бәрін анықтап, сіздерге хабарлаймыз”, – деп атап өтті Жаншин.