Мамандар оқиға орнына барып, мұнай қалдықтарының төгілгенін анықтаған.
Зақымдалған аумақтан топырақ сынамалары алынған. Сынама нәтижелері бойынша заңға сәйкес залалдың есебі жүргізілді.
«Тексеру барысында ҚР Экологиялық Кодексінің 87, 106, 238 және 320-баптарында көзделген талаптардың бұзылғаны анықталды. Кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 59 млн 728 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді», – делінген департамент мәліметінде.
Айта кетсек, тексеру Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ерекше бақылауында болды. Бұған дейін өңірдегі Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қаумалының бөлігі – Қаракөл көліне құйылып жатқан қара түсті сұйықтықтан сынама алынған еді.