No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында асыл тұқымды ірі қара саны 20% артты

Жетісу облысында асыл тұқымды мал саны ұлғайып келеді. Жалпы өңірде мал шаруашылығы бағытында 2561 шаруашылық тіркелген, олардағы ірі қара саны жарты миллионға жетеді, соның ішінде асыл тұқымды малдың үлесі 20,2% немесе 108,2 басқа көбейген. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 12%. Осы бағыт бойынша 523 шаруашылық 1 млрд. теңгеден астам сома субсидия алған, қосымша өтінімдер әлі де бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

28.11.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Мәселен, Кербұлақ ауданында ірі қара саны 65 мыңнан астам, ұсақ мал 324 мың, құс 71 мыңдай, жылқы 23 мың бастан асады. Ауданда 2400-дей шаруашылық ауыл шаруашылығымен айналысады. Соның ішінде асыл тұқымды мал өсіруге ерекше көңіл бөлінеді. 22 шаруа қожалығы 2400 бас асыл тұқымды ірі қара, 2500 бас асыл тұқымды ұсақ мал өсіріп отыр. Сол қатарда табиғи түрлендірумен айналысып жүрген шаруа қожалығының бірі — «Омаров» ШҚ.

Қожалық 1993 жылы құрылған. Қазір онда жалпы аумағы 1814 га астам жер бар, соның 921 га — егістік, жайылымдық және шабындық жері – 893 га. Биыл 771 га жерге күздік бидай, 729 га арпа себілген. Жалпы шығымдылығы әр гектарына 21 центнерден айналды. Шаруашылықта 140 бас қой, 300 бас ірі қара, 100 жылқы бар. Оған қоса тауық, күркетауық, үйрек асырайды. Қысқы мал азығы ретінде 500 тонна шөп, 200 тонна сабан дайындалған. Мұнда сиырдың «Әулиекөл» тұқымын өсіру қолға алынған.

Шаруа қожалығының басшысы Жанат Омаровтың айтуынша, әр 2 жыл сайын төл жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

— Асыл тұқымды мал өсірумен айналысқаныма 10 жылдай болды. Бастапқыда 30 бас құнажын мен Әулиекөл тұқымды бұқа сатып алдық. Қазір асыл тұқымды мал басы 150-ге жетті. Шағын бордақы алаңымыз бар, онда сатуға қойылатын 60-70 басты ұстаймыз, 20-30-ын қысқа қалдырамыз. Тұқымның тазалығын сақтау үшін әр екі жыл сайын мал басын жаңалап сатып алып отырамыз. Соның арқасында бордақыланған бір бұқадан 350 кг дейін таза ет аламыз, — дейді ол.

Жалпы өткен 9 айда Кербұлақ ауданында 6990,7 тонна ет, 37 мың тоннадай сүт, 6 мың данадай жұмыртқа өндірілген, 213 мыңдай тонна шөп жиналған.

Фермердің айтуынша, ауыл шаруашылығының ең басты проблемаларының бірі – кадр мәселесі:

— Қазір агроөнеркәсіп кешенінде негізінен аға ұрпақ еңбек етеді, ауыл шаруашылығына жастардың да қызығушылығын арттырумыз керек. Агроном, механизатор, комбайнер, тракторист, ветеринар мамандықтарын меңгерсе деймін. Бізде осы мамандықтардың бәрі сұраныста. Бұлар — тұрақты табысы бар мамандықтар, тиісті әлеуметтік жеңілдіктері де бар. Ауыл шаруашылығында мемлекеттің қолдауынсыз оңай емес. Әсіресе, минералды тыңайтқыштар, тұқым,  жанар-жағармай, гербицид, техника бөлшектері — бәрінің бағасы өсіп жатқан қазіргі уақытта мұндай қолдаудың көмегі бізге едәуір, — дейді Ж. Омаров.

Атап өтсек, биылғы жылы көктемгі дала жұмыстарына ауданға жеңілдік бағамен 1600 тонна қажетті жанар-жағармай бөлінген болатын. Жыл басынан бері машина-трактор парктерін жаңарту үшін 954 млн. теңгеге 40 бірлік арнайы техника сатып алынған, соның 20-сы — трактор, 6-уы — комбайн. Жалпы ауданда 4 сервистік дайындау орталығы жұмыс істейді, онда құны 1,6 млрд. теңге болатын 43 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы бар. Өткен тоғыз айда ауыл шаруашылығында Кербұлақ ауданында 47,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген, нақты көлем индексі — 101,4%.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

ҚР-да IT саласында 645 млрд теңгеден астам қызмет көрсетілді

05.07.2022

Бір аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,1 пайызға өсті

08.09.2022

Алматыда 30 қыз-келіншек кондитерлік салада оқуын аяқтады

15.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа