Конкурс өткізудегі негізгі мақсат- Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес, өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.
Жеңімпазға берілетін грант мөлшері 5 млн. теңгені құрайды. Конкурсқа бөлінген жалпы қаражат сомасы- 150 млн.теңге. Байқау ашық түрде өтетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада тапсырыс беру керек.
Байқауға қатысушы жан 2022 жылғы «21» қарашадан бастап, 2022 жылғы «25» қарашаны қоса алғандағы күндері құжаттарын тапсыруы керек.
Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар https://www.qoldau.kz сілтемесі бойынша беріледі.
«Qoldau.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар (ЖШС) үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН-і;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.
Айта кетейік, жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзгерте алады.