No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Алматы облысында көпбалалы ана төрт тігін цехын ашады

Алматы облысында көпбалалы кәсіпкер Қымбат Қасейін төрт тігін цехын ашуды жоспарлап отыр. Өндірісте көпбалалы аналар, мүгедектігі бар әйелдер мен жастар жұмыс істейді.

15.06.2022
Дара кәсіпкер
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қағаз бетіне түрлі киімнің эскизін салып өскен бұрымдының негізгі мамандығы – дизайнер. Колледжді аяқтағаннан кейін киім мен ұлттық бұйымдарды тігумен айналысқан.  Сауда-саттық пен ауылшаруашылығы саласында да бағын сынап көрген. Соңғы жылдары үйден заттар тігімен айналысқан. Ісмер ару 2022 жылдың наурыз айында Алматы облысының әйелдер кәсіпкерлерін дамыту орталығына жүгініп, онда бизнесті ілгерілетуге жөнінде көмек пен кеңес алды. Енді Өңірлік іскер әйелдер кеңесімен серіктестікте кәсіпкер төрт елдімекенде тігін цехтарын ашуға ниетті.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен Алматы облысы іскер әйелдер кеңесінің, сондай-ақ әкімдіктердің қолдауымен жақын арада Текелі қаласында, Қапал, Жансүгіров және Балпық би ауылдарында тігін цехтары іске қосылады. Қазір ұйымдастыру мәселелерін аяқтаудамыз. Әйелдерді жұмыспен қамтып, істеріне қолғабыс ету үшін, цехтар шалғай елді мекендерде ашылатын болады», – деп атап өтті Қымбат Қасейін.

Осылайша, аталмыш  цех желілері  еліміздің жеңіл өнеркәсібінің дамуына өзіндік үлесін қосады.

«Отандық киім мен аяқ киімге, ұлттық киімдер мен тоқыма бұйымдарына сұраныс жоғары.  Бірақ бүгінде қазақстандықтар Қырғызстаннан тоқыма бұйымдарын сатып алуға мәжбүр. Сондықтан біздің жобамыз Бішкектің өнімдеріне балама болады. Әзірге Алматы облысында, кейін болашақта басқа облыстар мен жақын шетелдерге өнімдерімізді шығарамыз», – деді кәсіпкер ханым.

Төрт өңірде тігін цехтарын ашу 95 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы арқылы тігін ісіне оқыту және білікті кадрлар даярлау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап ҚР барлық өңірлерінде Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП әріптестігі аясында «Ынтымақтастық Қоры» аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары ашыла бастады. Бастаманы Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы қаржыландырады және оны «Атамекен» ҚР ҰКП жүзеге асырады. Орталықтардың қызметі «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің (2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді) қағидаттарына, олардың ең бастысы – бизнесті жүргізу мен дамытуда әйелдерді өзара қолдауға негізделеді.

 

 

 

 

 

Байланысты Материалдар

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

Озық технологиялы «Шәй орталығы» Қарасай ауданында орналасқан

16.03.2023

Қаскелеңде шипажай ашылды

13.02.2023

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023

Самғау Нәсіпхан қазақы нақышта аяқ киім тігетін шеберхана ашты

27.01.2023

Жаркент өңірінде кәсіпкер мал бордақылап сатуды қолға алған

26.01.2023

Ұсынылатын материалдар

Жетісу облысында мұздатылған балық бағасы 35,2 пайызға өсті

17.10.2022

Екібастұздағы апат: тұрғындардың шығыны қалай өтеледі?

05.12.2022

«Миллионер за минуту»: 90 күнде милллионер болған әйел туралы

04.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа