Инвестиция – бизнестің құрылуы мен дамуына жол беретін мүмкіндік. Дегенмен инвестор және қаржысын құюға дайын қорларды таңдау барысында абай болған жөн. Келісім шарттың дұрыс жасалмауы және өзге факторлар кәсібіңізге зиянын тигізуі ықтимал. «Names» коворкинг орталықтары желісінің басшысы болған Антон Утехин өз тәжірибесінен бірнеше кеңестерді баяндап берген. Kazbusiness.kz кәсіпкер ұсынған инвестиция тарту жолдарын назарыңызға ұсынады.
Оқи отырыңыз Инвестициялау тәсілдері мен жолдары
3F (family, friends,fool)
3F – инвестиция тартудағы классикалық жолдардың бірі. Идеяны іске асыруға қажетті қаржыны отбасыңыз, достарыңыз беруі мүмкін. Дегенмен мұндай қаржы мөлшері 500 000-1 000 000 теңге көлемінде ғана болады. Бұл ақшаның көмегімен сұранысты тексеріп, маркетингке жұмсай аласыз.
«3F» ережесенің артықшылығы – жақындарыңызбен келісімге келу оңай. Олар қаржыны жылдам қайтаруыңызды талап етпейді. Әйткенмен, ойыңыз іске аспай қалса, арадаға қарым-қатынасқа сызат түсуі ықтимал екенін ұмытпаңыз.
«Fool» дегеніміз – сіздің кәсібіңізге ақшасын салуға дайын, қатерге бас тіге алатын «бизнес-періштелері». Инветсорлардың бұл түрінен алдыңғысына қарағанда көбірек ақша ала аласыз. Бірақ олар да табыс мөлшерінің жыл сайын 50 пайызды құрағанын қалайды. Өзіңіздің кәсібіңізді таныстыру барысында осыған баса назар аудару керектігін ұмытпаңыз.
Инвесторға компанияның бір бөлігін сату кезінде асықпай ойланыңыз. Қанша пайызымен қол үзуге дайын екеніңізді анықтаған абзал. Қазір ақша алу үшін компанияның үлкен бөлігін сатудың қажеті жоқ.
Ерте кезеңдегі қорлар
Бизнестің ерте кезеңінде-ақ қаржысын құюға дайын қорлармен де келісім жасауға болады. Мұндай қордан келетін инвестиция көлемі бизнес «періштесімен» салыстырғанда 4-5 есеге көп болады. Дегенмен қорлар жоба таңдау барысында өте абай болады. Өсім деңгейі байқалатын, халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндігі бар стартап, компанияларға өз ақшасын салады.
Инвестиция құю барысында қор компанияның көп мөлшеріне көз тігуі мүмкін. Әдетте бұл көрсеткіш 14-49 пайыз арасында болады.
Банк несиесі
Банктен несие алмас бұрын, кәсіптің қандай бағытта болатыны, қарызды қалай өтейтініңізді анықтау қажет. Кәсіпкерлер несиені компанияның өсімі үшін алады. Өзінің еншісін сақтап, болашақта қымбатқа сатады.
Венчурлық инвестор және қорлар
Инвестиция тартудың тағы бір жолы – стратегиялық және институционалды инвестор табу. Бір немесе бірнеше адам тек қаржысын беріп қана қоймай, таныстары және тәжірибесімен бөліседі.
Өтемі ретінде компанияның айтарлық үлкен бөлігін сұрауы мүмкін. Себебі олардың мақсаты – компанияны дамытып, табысын еселей түсу. Инвестор мен бизнестегі команданың пікірі сай келмесе, болашақта жанжал туындауы да ықтимал екенін естен шығармаңыз.
Кәсіп дамып, өз шығынын ақтаған соң, венчурлық қорларға жүгіне аласыз. Мұндай қорлар көбіне компанияның жоспары мен мақсаты, табысына назар аударады.