2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған. Аталмыш заң бүгіннен бастап іске асады.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады. EGov.kz порталындағы жаңа қызметті порталдың басты бетінде және «Азаматтарға» – «Кеден және салықтар» – «Экономика және қаржы» бөлімінен табуға болады. Аналогиялық қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасының «Арнайы қызметтер» бөлімінде қолжетімді.
Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрін енгізуді көздейді. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады.
Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға мына шектеулер қойылады:
-
Жобада 5 жылға несиет алуды шектеу көзделген;
-
Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
-
Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың несие қарызы 14 трлн теңгеге жеткен. Соның ішінде тұтынушылық несиенің көлемі – 8 трлн теңгені құраған.
Ал мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 1,5 млн адам қаржы институты алдындағы қарызын төлей алмай жүргеніне 90 күннен асып кеткен. Бір басында бірнеше несиесі барлар да жетерлік. Яғни, азаматтардың төлем қабілетінің нашарлауы аталған шараға жүгінуге мәжбүр етті деген қорытындыға келуге болады.
Несиесін төлей алмаған адам өзін банкрот деп қалай жариялайды?