No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Бүгін 3 наурыздан бастап, банкроттыққа өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

03.03.2023
Жаңалықтар
266
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған. Аталмыш заң бүгіннен бастап іске асады.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады. EGov.kz порталындағы жаңа қызметті порталдың басты бетінде және «Азаматтарға» — «Кеден және салықтар» — «Экономика және қаржы» бөлімінен табуға болады. Аналогиялық қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасының «Арнайы қызметтер» бөлімінде қолжетімді.

Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрін енгізуді көздейді. Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады.

Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға мына шектеулер қойылады:

  • Жобада 5 жылға несиет алуды шектеу көзделген;

  • Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;

  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың несие қарызы 14 трлн теңгеге жеткен. Соның ішінде тұтынушылық несиенің көлемі – 8 трлн теңгені құраған.

Ал мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 1,5 млн адам қаржы институты алдындағы қарызын төлей алмай жүргеніне 90 күннен асып кеткен. Бір басында бірнеше несиесі барлар да жетерлік. Яғни, азаматтардың төлем қабілетінің нашарлауы аталған шараға жүгінуге мәжбүр етті деген қорытындыға келуге болады.

Несиесін төлей алмаған адам өзін банкрот деп қалай жариялайды?

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаңтарда қаңтарылған кәсіпкерлер салықтан босатылады

04.08.2022

Кәсіпкерлік жайлы 8 аңыз

20.01.2023

Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай іздейді?

28.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа