ЦентрКредит Банкі мен “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнес несиелерін ұсыну арқылы субсидия алу мүмкіндігін жасайды. Несиені банкке бармай-ақ онлайн режимінде рәсімдеуге болады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Осы орайда мемлекет кәсіпкердің несиесі бойынша банк сыйақысының бір бөлігін төлеуге көмектеседі. Субсидияны инвестицияға (36 айға 20 млн теңгеге дейін) және айналым қаражатын толықтыруға (24 айға 5 млн теңгеге дейін) алуға болады.
Инвестицияға бизнесті кеңейтіп, жаңғырту, құрал-жабдықтар секілді негізгі қорларды сатып алу мен еңбек жағдайын жақсарту кіреді. Ал айналым қаражатын толықтыруға жабдықтаушылармен есеп айырысып, қажетті тауарларды сатып алу, еңбекақы төлеу сияқты жұмыстар жатады.
Несие беру шарттары
Несие ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінде 7 пайыздық тармақпен есептеліп, оның 8 пайызын кәсіпкердің өзі төлесе, қалған айырмасын мемлекет субсидиялайды. Мысалы, қазіргі уақытта ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі 16,75% құрайды. Плюс 7 пайыздық тармақ несиенің жалпы құнын 23,75% құрайды. Оның 15,75%-ын мемлекет субсидияласа, кәсіпкер 8% мөлшерлемемен төлейді.
Еліміздегі моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінде жобалар үшін бизнес төлейтін несие мөлшерлемесі 7%-ды құрайды.
Өтінішті қалай беруге болады?
Өтініш тастау үшін банкке барудың қажеті жоқ. BCC.Business қосымшасы арқылы-ақ онлайн несиеге өтініш беруге болады. Осыған қатысты сауалдар туындаса, сілтеме арқылы банктің веб-сайтына өтіп, байланыс деректеріңізді қалдыра аласыз. Мамандар сізбен байланысып, барлық қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес береді.
Бизнесті субсидиялау арқылы несиелендіру ломбардтар, МҚҰ, лизинг, факторинг, және сауда секторынан басқа барлық дерлік салаларда қолжетімді. Бұл ретте, республикалық облыстық маңызы бар қалаларда азық-түлік тауарларының саудасы да несиеге өтініш тастай алады.
Мыңдаған кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, ЦентрКредит Банкімен және “Даму” қорымен бірлесіп өндірісті кеңейтіп, еңбек жағдайын жақсартып, табысты бизнес құруда.