No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Елімізде TikTok желісіне шектеу қойылуы мүмкін

17.06.2023
Әлеумет, Жаңалықтар
18
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде TikTok желісінің зияндарын ескеріп, оған шектеу қойылуы мүмкін деп хабарлайды Kazbusiness.kz тішісі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде тикток желісін пайдаланушылардың әрекетіне бақылау болмай тұр. Қатаң қадағалаудың жоқтығынан қолданушылардың кейбірі тіпті миллиондаған оқырмандарының көзінше боқауыз сөйлеп, ойына келгенді жасайды. Мұндайларды көпшілік “TikTok блогері” деп атап жүр. Сондықтан депутаттар жастар санасын улаған желіге заңмен шектеулер қою мәселесін көтерді.

Қазір еңбектеген бала да, еңкейген қарт та әлеуметтік желіні белсенді пайдаланады. Бірақ TikTok сынды желінің стримінде көбінесе боқтық сөздер айтылып, бірін-бірі келемеждейді. Тіпті блогерлер миллиондаған көрермендерін таң-тамаша қылу үшін тікелей эфирде беттеріне сурет салып, ойына келгендерін істейді. Өйткені олар осы арқылы ақша табады, танымал болады.

Дегенмен TikTok желісін пайдаланып жастарға жақсы насихат айтып жүргендер де бар. Десе де ата-аналардың басым бөлігі балаларына осы желіге кіруге тыйым салатындарын айтады. Ал жастар жағы TikTok-тан да тиімді дүние табуға болады деген пікірде.

Ал депутат Аманжол Әлтай тикток желісінің әсіресе жасөспірімдерге зияны көп дейді. Айтуынша, желідегі жағымды-жағымсыз ақпараттарды жеткіншектер сана сүзгісінен өткізбейді. Сондықтан бұған заңмен бақылау жасау керек деп отыр.

“Үкіметте сол сауал берілгеннен кейін 2025 жылдан бастап балалар TikTok желісіне ата-ананың рұқсатымен ғана кіру керек деген секілді осындай жоба қарастырылып жатыр. Осының нәтижелі болуын күтеміз. Өйткені онсыз болмайды”, – дейді мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев.

Депутаттың айтуынша үкіметке ұсыныс берілген, бірақ тиктокқа шектеу қою жобасы әлі де талқыланып жатыр. Сондықтан әзірге балаларының бос уақытын зая кетірмеуін бақылауды ата-аналар өздері қолға алған дұрыс.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жетісу және Алматы облысында кәсіпкерлердің көрмесі өтпек

29.06.2022
фото: ашық дереккөз

ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтерді

20.07.2023

Бизнес идеяны жүзеге асыруға грант ұтып ал. Шарттары қандай?

10.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа