Өздеріңіз білесіздер, өзінің сайлауалды “Әділ Қазақстан – барлығына арналған. Қазір және мәңгі” бағдарламасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы өмір сүру деңгейіне басымдық берді. Алдағы жеті жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 трлн теңге қарастырылған, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жалпы бағдарлама 9 ауданды қамтитын болады. Қаражат сомасы – 8, 267 млн теңге.
Бағдарламаның бағыты:
- ЖҚШ-ны өсімдік шаруашылығы үшін пайдалану.
- ЖҚШ-ны мал шаруашылығы және құс шаруашылығы үшін
пайдалану. - Елді мекендерден тыс жер телімдерін пайдалану.
- Кооперативтер құру және жинақтау.
- Жеке кәсіпкерлік дамыту (өндіріс және қайта өңдеу),
сатып алу-сату және жалға беру қызметінен басқа
Нысаналы аудитория:
- ЖК (зейнеткерлік жасқа дейін);
- Кооперативтер (кемінде 3 қатысушы)
Бағдарламаның талаптары:
қаржыландыру мерзімі:
- кооперативтер мен мал шаруашылығына 84 айға дейін;
- Айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін.
қаржыландыру мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
негізгі қарызды өтеу талаптары: ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет – өтеу кестесіне
сәйкес
өтеу талаптары %%: ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет – өтеу кестесіне
сәйкес
негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезең: 12 айға дейін
кепілдікті қамтамасыз ету бойынша талаптар: 100% қамтамасыз ету
қарыздың максималды сомасы: ЖК – 2500 АЕК дейін (8 625 000 теңгеге дейін), кооперативтер – 8000 АЕК дейін (27 600 000 теңгеге дейін)
несие қаражатын игеру кезеңі: ақша қаражаты өтінім берушінің ЕДБ-дағы ағымдағы шотына
аударылған күннен 2 ай ішінде (2 ай ішінде игерілмеген
жағдайда, қаражат қайтарылуы тиіс)
несие қаражатын нысаналы пайдаланбаған үшін айыппұл санкциялары: нысаналы пайдаланылмаған сомадан 25%, қаражатты мерзімінен бұрын қайтару
Бағдарламаны жүзеге асыру тәртібі:
дүйсенбі/сейсенбі: кепіл шарттарын ХҚКО-да тіркеу
сәрсенбі: артынша транш бөлумен, төлемдер кестесін дайындау
және қол қою
бейсенбі: құжаттамаларды/өтінімдерді Несие комитетінің
қарауына енгізу (о.і. құрылымдық бөлімшелердің барлық
қорытындыларын алу)
жұма: несие комитетімен мақұлданған өтінімдер бойынша
шарттар жасау, өтінімдер (құжаттамаларды) қабылдау