2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша республикадағы халық саны 19 миллион 854 мың адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде қала халқы – 12,2763 млн, ауылдықтар – 7,5777 млн. Жыл басынан бері жалпы өсім 87 276 адам болды, басым көпшілігі – 81240 адам табиғи өсім есебінен және 6036 адам көші-қон есебінен.
Сонымен қатар жыл басында елімізде 19 766 807 миллион адам тізімге алынған, яғни халық саны 0,44 пайызға өскен.
Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаментінің сарапшылары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам дайындаған еді. Талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуі мүмкін.