Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, жиһаз бен тұрмыстық заттар бір жылда бірден 24,6% қымбаттады деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Бір жыл бұрын сектордағы баға 13,3% өскен еді.
ҚР өңірлерінің ішінде жиһаз мен тұрмыстық заттар бағасының ең көп жылдық өсімі Астанада байқалды: бірден 53,1%. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары: тиісінше 41,6% және 39,4%.
Сектордағы бағаның ең аз өсімі Маңғыстау облысында тіркелді: 7,8%. Одан кейін Павлодар және Жамбыл облыстары: тиісінше 11,7% және 14,5%.
“Жиһаз сегментінде жатын бөлме жиһаздарының бағасы айтарлықтай өсті: бір жылда 28,2%. Көйлек пен ішкиімге арналған шкаф 27,7%, үстел 23,9%, диван-төсек 23,2%, орындық 21,9% қымбаттады. Ай сайынғы өсу динамикасын қарастыратын болсақ, биыл сектордағы бағаның ең көп айлық өсімі наурызда байқалды: 2,3%. Мамырда жиһаз және тұрмыстық заттар 0,5% қымбаттады”, – делінген ақпаратта.