Атырау облысындағы трассада Lada Priora және Toyota Camry көліктері соқтығысты. Салдарынан көліктердің бірі отқа оранған деп хабарлайды Kazbusiness.kz
Оқиға орынында төрт адам тіл тартпай кеткен.
Оқиға 17 маусым күні республикалық маңызы бар “Доссор – Құлсары – Бейнеу” трассасының 10 километрінде болған. Lada Priora мен Toyota Camry көлігі бір-бірімен соқтығысқан.
Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігі өртеніп, 1992ж.т., көлік жүргізушісі мен 2001ж.т., жолаушысы, сондай-ақ, Toyota Camry автокөлігінің 1972ж.т., жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971ж.т. Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан.
“Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді”, – деп қосты полиция.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерден тас жолдарда басып озу ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауларын сұрайды.