Жетісу облысында 90 кәсіпкер қателесіп бюджетке 34 млн теңгеге салық төледі, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Кәсіпкерлер 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4-ші санаттағы операторлар, яғни экологияға ең аз зиян келтіретін кәсіпорындар бұдан былай қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемейтінін білмеді.
“Прокуратура актісі бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 16 салық төлеушіге 1,6 млн теңге қайтарып берді. Қалған кәсіпкерлерге салықтың басқа түрлері үшін сомалар есептелді”, – деді қадағалау органы.