Азық – түліктің қымбаттауы-қазақстандықтардың басым бөлігінің, соның ішінде Алматы облысының тұрғындарының басты мәселелерінің бірі.
Ағымдағы жағдайды ескере отырып, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бүгінгі күні бірінші кезектегі міндет болып табылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осы мақсатта тұрақтандыру қорын толықтыруға және кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелендіруге қосымша 2 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ, ведомствода бүгінгі таңда өңірде 92 мал бордақылау алаңы мен сүт-тауар фермасы, 19 көкөніс қоймасы және 63 жылыжай жұмыс істейтінін атап өтті. Бұл Алматы қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 10 жергілікті құс фабрикасы жылына 109 мың тонна құс етін немесе республиканың барлық көлемінің үшінші бөлігін (343 мың тонна) өндіреді.
Жалпы қуаттылығы 46 мың тонна болатын тағы екі құс фабрикасын салу көзделген.