No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Айна

Жұмыс табуға үлкен мүмкіндік болады

Enbek.kz порталында 29 наурыз күні бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

15.03.2023
Айна, Жаңалықтар
66
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл 29 наурыз күні Enbek.kz Электрондық еңбек биржасының  алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесін өткізеді деп жоспарланған.

Яғни, 29 наурыз күні отандық компаниялар Enbek.kz порталында бос жұмыс орындарын ұсынады және жұмыс іздеушілер бұл орындарға өтінім бере алады.

Жәрмеңкеге қатысуға еліміздің әртүрлі өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс берушілер өтінім берді, олардың арасында ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, «KAZ Minerals» ЖШС, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС, «АК АЛТЫНАЛМАС» АҚ және басқалары бар.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Жәрмеңке онлайн режимде болғандықтан ниет білдірушілер Қазақстанның кез келген жерінен қатыса алады.

Онлайн жәрмеңкеге қатысу үшін Enbek.kz сайтының Enbek.Tanda атты бөліміне кіру керек. Онда жұмыс іздеген адамдар жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын көре алады және осы жерден өтінім береді.

Барлық ниет білдірушілерді онлайн бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырамыз!

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қарағанды облысында әйелдерге кәсіпкерлікті дамытуда көмек көрсетіледі

23.01.2023

Қазақстандық IT-кәсіпкер Түркияда жоғалып кетті

08.02.2023

Alarko Holding Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруда

21.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа