No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Әйелдерге арналған бизнес түрлері

Күн сайын дамып келе жатқан заманда бәсекеге қабілетті кәсіп түрі  идеал болмысты тұлғалардың қатарын толықтыруда. Бүгінгі қозғайтын  тақырыбымыз, нәзікжандыларды табысқа жетелейтін кәсіп түрі туралы болмақ. Бүгінде қыз-келіншектердің арасында қандай кәсіп түрі ұтымдылыққа ие? Бойдағы болмыс кәсіп саласында қандай роль атқарады?

26.12.2022
Керек дерек, Жаңалықтар
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

 

1)    Кондитерлік бизнес

Егер сіздің бойыңызда тәтті тағамдар жасауға деген қабілет болса, бұл мүмкіндікті табыс көзіне айналдыруға асығыңыз. Үй жағдайында арнайы тапсырыспен тәттілер, атаулы күндерге арналаған ерекше торттарды көшірмесіз безендіру арқылы өзгелерден ерекшеленіп, тұтынушыларыңыздың санын арттырып, тұрақты табыспен, өз есіміңізді қайталанбас бренд ретінде қалыптастыру мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар атаулы бренд түріне қызығушылық танытушыларға арнайы тәжірибелік сабақтар ұйымдастыру арқылы, әдеттегіден  табыс көзін 20%-ға арттырасыз. Осыдан кейін аталмыш бренд түрін ауыл-аймақтарда, қалаларда кең көлемде таралуын қадағалап, дүкендер желісін іске қосуды мақсат етіңіз.

 

Осы кәсіпті табыс көзіне айналдырып отырған Мадина Абайдың айтуынша, кәсіп өз шығынын толық ақтайды.

 

Кез келген істі табыс көзі ретінде қалыптастыру қате. Егер оны хобби ретінде қабылдаса, адам одан ақша алумен қатар өз ісінен ләззат алады. Сондықтан оны сүйікті ісі ретінде қабылдауы керек. Біз дайын өнімді сататын сатушы емеспіз, сондықтан бұл саланы меңгеру үшін де білім алу қажет. Өзің жасаған тауарды адамдарға дұрыс ұсыну- басты қағида. Мысалы, сізден қандай да бір тәттіні алған адам оның дәміне, сапасына қарайды. Егер өнім ойдағыдай шықса, тұрақты тұтынушыларыңыз да көбейеді. Бұл өнімді сату үшін сатып алған заттың бағасын 3 есе көбейтіп жарнамалау қажет. Себебі адамның еңбегі, сонымен қатар коммуналдық шығыны бар. Екіншіден сіздің дамуыңыз үшін, келесі тортты жасау үшін де қаражат қажет. Сол себепті бұл сіздің жеке кәсібіңіз болғандықтан өнім өз-өзін ақтауы керек.

Бұл бизнесті бастағысы келген адамның біріншіден қабілеті, екіншіден қызығушылығы болуы керек. Содан соң арнайы тәжірибелік сыныптардан өтсе, нәтижесі болады.  Сонымен қатар нақты табыс әкелетін ортаны білуі қажет. Оның өнімі расымен де «өтетін зат па, өтпейтін зат па?» осыны анықтап алуы керек, сонымен бірге осы кәсіпті дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің кеңесіне жүгінген жөн. Басты міндет бастаған істі соңына дейін жеткізіп, адал қызмет ету.

 

2)    Сұлулық салоны

Сұлулық салонын ашу қай кезеңде болмасын әрдайым сұранысқа ие. Егер шаш үлгісіне, қыздардың бетін әрлеуге не маникюр жасауға қызығушылығыңыз болса, бұл саланы үйде отырып-ақ табыс көзіне айналдыруға болады. Кәсіпті бастау үшін сізге арнайы құрал-жабдықтар, орынның санитарлық талапқа сай екенін дәлелдейтін кітапша қажет. Егер арнайы тәжірибелік курстан өткіңіз келсе, осы саланың білікті мамандарының сыныбынан өткен жөн. Мысалы, шаштараз бойынша орташа курс бағасы 20000-30000 теңге, маникюр 20000-35000 теңге, мейк ап 50000-100000 теңге, кірпік жапсыру 25000-35000 теңге аралығын құрайды. Аталған кәсіп түрінің біреуін меңгеріп алсаңыз, 1-2 жыл көлемінде сіз де тәжірибе жинап, арнайы курс өткізуіңізге болады.

 

3)    Интернет желісі

Бүгінде интернет желісі – жаңа кәсіп түріне айналған. Адамдар мұны түрлі мақсатта пайдаланады, сондықтан кәсіп жан-жақты жүргізіледі.

1-нұсқа. Қазіргі кезде адамдар сыртқа шығып жүргеннен гөрі өздеріне қажет затты интернет-дүкен арқылы алғысы келеді. Егер арнайы интернет-дүкеніңізді ашсаңыз, сізге арнайы дүкен қажет болмайды. Себебі үйіңізде отырып-ақ тауарларыңызды ұсына аласыз. Тек тауарыңыздың жарнамасы жақсы жүргізілу керек.

2-нұсқа. Көпшілікті қызықтыра алатындай YouTube канал ашу;

3-нұсқа. Инстаграм желісінде пайдалы әрі қызықты блог жүргізу;

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды

19.02.2023

Депозит бойынша желтоқсан айына арналған ең жоғары мөлшерлеме белгілі болды

02.11.2022

14,5 пайыз: Ұлттық банк бекіткен базалық мөлшерлеме

05.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа