ҚР Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы қазан–желтоқсан айларындағы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, тұрмыс деңгейі төмен бір азамат тоқсанына 129 кг, ал ауқатты қазақстандық 377 кг тамақ тұтынады. Жалпы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш – тоқсанына бір адамға 221,5 келіні құрады.
Сондай-ақ, айырмашылық тек азық-түлік себетінің жалпы көлемінде ғана емес, оның құрамында да байқалады. ҚР ҰСБ мамандарының бағалауы бойынша, кедей азаматтар аса бай қазақстандықтарға қарағанда балық пен теңіз өнімдерін 4,3 есе, етті – 3,8 есе, жеміс-жидекті – 4 есе көп жейді. Оның ішінде, ауқатты азамат тоқсанына 37,7 кг ет пен шұжық тұтынса (айына 12,5 кг немесе күніне 400 г), ал тұрмысы төмен адам — небәрі 9,8 кг (айына 3,2 кг немесе күніне 100 г) сатып алады.
Өзге азық-түлік топтарында да айырмашылықтар бар. Бай отбасыларда сүт өнімдері, көкөністер, тәттілер 3 есе, картоп, жарма және нан 1,7 есе көп тұтынылады.
Бір қызығы, ауылдың ауқатты азаматтары қаланың қамтылған тұрғындарына қарағанда көбірек азық-түлік алады. Мұндай айырмашылық аз қамтылғандар адамдар арасында да бар. Статисткаға сүйенсек, ауыл кедейлері қаланың тұрмысы төмен адамдарына қарағанда көбірек тамақ жейді.
Өткен жылдың төртінші тоқсанындағы өнімдерді тұтыну көлемін 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, 2022 жылы аз қамтылған қазақстандықтар азық-түлікті көбірек үнемдеген. Мысалы, 2022 жылы сүт өнімдерін тұтыну көлемі халықтың осы тобында 16%-ға, ет – 8,1%-ға, көкөніс — 8,9%-ға, тәтті – 6,7%-ға төмендеген.
Ауқатты қазақстандықтардың да мәзірі өзгерген. Олар сүт өнімдерін тұтынуды 16%-ға, балықты 14,4%-ға, етті 6%-ға, жарма мен нанды 10,9%-ға азайтқан.