No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Kazbusiness club мүшелерінің өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарға сапары жалғасуда

Таяуда жас кәсіпкерлер Қарасай ауданында орналасқан ірі өндіріс орындарының бірі «Алтын жұлдыз текстиль» кәсіпорнына барды.

07.04.2023
Дара кәсіпкер
46
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алдымен казбизнестіктер аталған мекеме директоры Жанат Алтынқадыспен дөңгелек үстел басында сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Әсіресе, бизнес әлемінің қыр-сырын толық меңгеріп, әр салада шаруаны қолға алған іскер азаматтың бөліскен инсайдттары клуб мүшелері үшін құнды ақпарат болды.

Қазіргі таңда компаниялар тобын құрған алып серіктестік жеті бағытта жұмысын өрге сүйреуде. Оның ішінде асыл тұқымды мал асырау, ондаған гектар алқапқа алма егу, балық өсіру, жиһаз жасау, құрылыс саласы, жеңіл өнеркәсіп және басқа да инвестициялық жобалар бар.

Осы салалардың басымдығы мен кемшін тұстары, кездесетін қиыншылығы мен әкелетін пайдасы, осының барлығы кездесу барысында кеңінен талқыланып, жас кәсіпкерлер болашаққа жақсы бір бағыт-бағдар алғандай болды.

Мұнан кейін жиналғандар жеңіл өнеркәсіп аймағын аралауға кірісті.

Белгіленген уақытта, тиімді бағамен сапалы өнім! Бизнес әлемінің осындай айнымас қағидасын берік ұстанған «Алтын Жұлдыз текстиль» тігін фабрикасының командасы бірнеше жылдан бері еліміздегі ірі құрылыс компанияларының жұмысшыларына және құқық қорғау, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған формаларды тапсырыспен тігіп келеді. Казбизнестіктер шебер қолдардың еліміздегі «Қазақтелеком» мекемесі қызметкерлеріне арналған жұмыс формасын тігіп жатқанының куәсі болды.

Қарасай ауданының Іргелі ауылдық округінде орналасқан өнеркәсіп орны қазіргі таңда 150-ге жуық жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып қана қоймай, отандық өндірістің өркен жаюына да өзіндік үлесін қосуда.

Негізінен, 2007 жылы төрт бағытты бір-ақ қамтыған компаниялар тобы ретінде күш біріктірген іскер азаматтар тігіннен бөлек, құрылыс материалдары мен техникалық құрал-жабдықтарын, жиһаз бөлшектерін дайындауды да қолға алған. Жоғарыда айтқанымыздай, қазір олардың саны жетіге жеткен. Соның бірі біз сөз етіп отырған өндіріс орны. Жалпы көлемі 1 га аумақтың 7000 шаршы метрін алып жатқан ғимараттың шамамен үштен бір бөлігіндегі нағыз тынымсыз тіршіліктің нәтижесін тау болып үйіліп жатқан дайын өнімнен-ақ аңғаруға болады. Оңтайлы ойластырылған жұмыс барысы жүйесімен жүзеге асады мұнда. Алдымен тапсырысқа сай дизайнерлер үлгісін дайындап, қажетті маталарды таңдап алады. Конвейерлік әдіспен, төрт қатарға қойылған, автоматтандырылған бағдарлама орнатылған 120 тігін машинасына жайғасқан ісмерлердің көпшілігі киімнің әр бөлшегін бөлек-бөлек, яғни, біреуі қалтасын, келесісі жағасын, тағы бірі жеңін дегендей, тігеді. Ал, соңғы қатарда олар құрастырылып, дайын өнім технологтың тексерісінен өткен соң, әрі қарай үтіктеліп, сосын қатталады.

Мұндағы екі ауысыммен барлық істі тиянақты атқаратын қызметкерлердің де жағдайына жақсы көңіл бөлінеді екен. Тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, аяқтаған жұмыс ауқымдарына қарай, қол еңбектерін кешіктірусіз алып тұратынын да айта кеткен жөн. Осылайша, бастапқыда ісін төрт тігін машинасымен, бір құрылыс компаниясына 70 дана киім тігуден бастаған бүгінгі фабриканың өндіріс қуаттылығының көлемі жылына 500 мыңға жуық арнайы жинақты құрап отыр.

Бір мақтанышпен айта кетерлігі, 2017 жылы өткен қысқы Универсиада ойындарына қатысушы Қазақстан командасының киімдері де осы ұжымның қолынан шыққан! «Алтын Жұлдыз текстиль» ЖШС-нің директоры Жанат Алтынқадыстың айтуынша, сапасы мен салмағына деген жауапкершілігі зор тапсырысты өнеркәсіп орны 45 күн ішінде толықтай орындап, төрт үлгідегі 5000-нан астам арнайы форма дайындаған. Олардың қатарында ұйымдастырушылардың, еріктілер мен төрешілердің киім  үлгілері бар. Әр форманың өзі күртеше, шалбар, бас киімнен және аспалы сөмкеден құралып, сапалы матадан әзірленген екен. Киімдердің дизайны ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Сондай-ақ, Универсиада мен ЭКСПО көрмесінің, «Самұрық қазына» ұлттық компаниясының эмблемасы да, көк байрағымыздың белгісі де жабыстырылған. Дизайнерлер, киім түсіне де ерекше мән беріп, қазақ даласының жазира жазығында кездесетін сары, ақ, жасыл, қызыл түстерді таңдаған.

Міне осындай қызықты әрі құнды ақпараттарды жеңіл өнеркәсіпке бет бұрғысы келіп жүрген жас кәсіпкер көкейге түйіп, ерекше әсермен тарқасты.

Ал, Kazbusiness club директоры Қуаныш Шахановтың айтуынша, осындай бизнес-турлардың тек жас кәсіпкер үшін емес, тәжірибесі бар іскер азаматтар үшін де берері мол. Себебі, әр бизнес басындағы тұлғаның өз даму жолы, кездескен қиындықтары мен жеткен жетістіктері бар. Сонымен қатар, болашаққа үлке жоспарлар жасап отырған өзіне сенімді кәсіпкер әрдайым әзденіс үстінде болуы тиіс!

Клара Көпбаева,

журналист.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда “Даму” қоры 600 жобаға қолдау көрсетті

22.08.2023
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық банктер бизнеске көбірек кредиттер бере бастады

04.08.2023

34 млн тг: Жетісу облысында кәсіпкерлер қателесіп салық төлеген

04.08.2023

Қазақстандық кәсіпкерлерге көп мөлшерде қолма-қол ақша шешуге рұқсат берілмек

02.08.2023

Елімізде отандық кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары жетілдіріледі

31.07.2023

Тоқаев бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді

27.07.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандағы ең лас қалалар тізімі жарияланды

15.05.2023
Paper banknotes tenge KZT. Tenge is the national currency of Kazakhstan. bank of Kazakhstan

4,5 млн теңге жалақыны кім алады?

15.08.2022

Маңғыстауда бизнес үшін 34 540 млн теңге несие берілді

06.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа