No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Маңғыстаулық отбасы кәсіпті әлеуметтік желі арқылы жүргізіп отыр

25.11.2022
Дара кәсіпкер
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елімізде ауылдарға сапалы интернет желісін жүргізу қарқын алып келеді. Мысалы, мұндай желі шалғайдағы Маңғыстау облысындағы Шайыр ауылына жақында жүргізілген. Қыр мен тауды асып жатқан ауылдың тұрғындары сапалы интернеттің игілігін пайдаланып жүр.

«Интернетке кіру үшін терезенің алдында тұрушы едік»

Шайыр ауылына барғанымызда ең алғаш кездестірген тұрғын Нұрияш Есенова болды. Ол – ауылдағы маңызды мәселелерді әлеуметтік желі арқылы көтеріп жүрген белсенді. Ауылдағы мәдениет үйінің басшысы әрі қоғамдық кеңестің мүшесі. Нұрияш – Шайыр ауылының ақпарат көзі. Себебі ауыл тұрғындары маңызды жаңалықтар мен хабарларды көбіне өзінен желі арқылы естиді.

Ауылға жететін тас жол құрылысы өзінің белсенділігінің арқасында басталмақ екен.

“Өзім осы ауылдың барлық мәселесін әлеуметтік желіге жазып отырамын. Соның арқасында шалғайдағы ауылдың проблемалары облыстағы шенділердің құлағына тиіп жатыр. Бүгінге дейін шешілгендерінің бірі – сапалы желі. Енді бұйырса ауылымызға жол салынады.

21-ғасыр болса да, әлеуметтік желіге кіру, бірнәрсе жүктеу үшін терезенің алдында тұратын едік. Қазір көзіміз шайдай ашылды. Ешқандай қиындықсыз интернеттен керегімізді оқып, жазбаларымызды да оңай жүктейміз, –дейді Нұрияш Есенова.

Нұрияш Есенова – үлкен отбасының отанасы. Бұрын үйдегі 9 адамның ұялы телефонына тариф қосу үшін 30 мың теңгедей қаражат кететін дейді ол. Қазір үйіне желі жүргізіп, шығыны да азайған.

«Желі арқылы тағам сататын жалғыз кәсіпкермін»

Бекежан Нұржігітов – Шайыр ауылында тез дайындалатын тағам сататын жалғыз кәсіпкер. Ол өз кәсібін бастағалы, ауылдастары да енді өздерін қала тұрғындарынан кем сезінбейді. Себебі қалаған уақыттарында жеткізілім арқылы суши, пицца секілді тез дайындалатын тағамға тапсырыс бере алады. Қонағы көп ауыл тұрғындарының үйлері енді желі арқылы уақытын үнемдеуге мүмкіндік алып отыр. Себебі дастархандарын құрбы-құрдас, жора-жолдастары үшін лезде дайындап, жайнатып жібере алады.

Ісін 2020 жылы бастаған Бекежан қазір отбасылық кәсібін сәтті әрі табысты дөңгелетіп отыр. Желінің сапалы болғандығынан қазір бизнесінің ресми парақшасын емін-еркін жүргізеді.

Жаңа рецептерді де интернеттен іздеп тауып, тағамдарды бұрынғыдан да дәмдірек дайындауға тырысамыз дейді. Айтуынша, кәсіптің жақсы жүріп, табыс табуына желінің септігі көп.

“Бұл кәсіпті бастағанымызға 2 жылдан асты. Қазір клиенттеріміз бұрынғыдай телефон шалып, «бағасы қанша?» деп сұрап тұрмайды. Әлеуметтік желідегі парақшамыздан барлығының бағасын көріп, тапсырыс береді. Өзіміз де әлдене сатып алу керек болса, жол жүріп шаршамаймыз, интернет арқылы тапсырыс бере саламыз, – дейді Бекежан Нұржігітов.

Одан бөлек, Бекежан Нұржігітов сөзінше, желінің тағы бір артықшылығы –кәсіпкерліктің есебін онлайн тапсыруға мүмкіндік. Бұрын аудан орталығына барып, құжаттарды тапсырып жүрген болса, ал енді үйінен шықпай-ақ уақытылы өткізіп жүр екен. Осылайша кәсібін жүргізіп, табысқа кенелсе, екінші жағынан заңды мәселелерін де оңтайлы жолмен шешіп, “бір оқпен екі қоянды атады”.

«Ағылшын тілін тиімді үйренуге мүмкіндік бар»

Сапалы желі бұл ауылда ең алдымен мұғалімдерге ауадай қажет. Өйткені ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ақырыс Қанатбаеваның бүкіл жұмысы желі арқылы бітеді. Оқушыларға сабақты қызықты түсіндіру үшін желіні белсенді пайдаланатынын айтады. Мәселен, бұрынғыдай қағазға тест жасап жүрмей-ақ, желідегі «Kahoot» сайтымен ойын ретінде тапсырма береді. Оны тексерудің де керегі жоқ, қай оқушының қанша балл алғанын сайт автоматты түрде шығарады дейді мұғалім.

Қазір балалар ақпаратты суреттер және бейне арқылы жақсы қабылдайды. Осыны түсінген мұғалім ағылшын тілін балаларға жеңіл түсіндіру үшін қосымша бейне-сабақтар қажет болатынын айтады. Бұрын сабаққа қажетті материалдарды телефон арқылы жүктеп, оны қайта компьютерге өткізіп жүрген. Ауылға сапалы желі жүргізілген соң бос әлектің барлығы артта қалды деп қуанышын бөлісті.

“Қазір сынып журналының бәрі интернетте, балаларға берілетін үй тапсырмасын да желі арқылы сайтқа жүктейміз. Баға қоятын болсақ тағы желіге жүктейміз. Ата-аналар да сол сайттан баласының үлгерімін көріп отырады.

Ал егер ашық сабақ өтетін болсақ, оған керекті көрнекілікті интернеттен табамыз. Қазір үйге сапалы желі жүргізіп балаларға беретін тапсырманы қызықты қылып дайындап қоямын. Біздің ауылда интернет желісі мүлдем болмаған. Сапалы желі жүргізілген соң балаша қуанып жүрміз”, – дейді Ақырыс Қанатбаева.

Осындай тиімді тәсілмен ағылшын тілін үйреніп жүрген оқушы – Аружан Айбекқызы. Ол – Тұрар Жалғасбайұлы атындағы мектептің 7-сынып оқушысы. Жеткіншек сапалы интернет желісі ағылшын тілін үйренуіне көп септігін тигізіп жатқанын айтады. Тіл үйренуге интернетті пайдаланатын оқушы бүгінде онлайн олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын алып жүр екен. Бұрын ұзақ жүктелетін сайттар қазір лезде ашылады дейді ол. Соның арқасында тіл үйренуге деген құлшынысы арта түсіпті.

“Ауылымызға интернет желісі жүргізілгелі үй тапсырмаларын орындауға да, қосымша үйренуге де ақпаратты тез табамыз.  Қазір мен көбіне ағылшын тілін дамытуға көп көңіл бөліп жүрмін. Ол үшін мектеп бағдарламасынан бөлек, үйде интернеттегі аудармаларды қолданамын. Желінің жылдамдығы өте жақсы. Қазақ тілі мен ағылшын тілінен онлайн әртүрлі олимпиада, сайыстарға қатысамын. Жүлде алатын да, жүлдесіз қалатын кез де болды. Бірақ, бастысы, ұмтылыс деп ойлаймын”, – дейді Аружан Айбекқызы.

Айта кетейік, Шайыр ауылына интернет желісін “Транстелеком” компаниясы жүргізген.

Байланысты Материалдар

Озық технологиялы «Шәй орталығы» Қарасай ауданында орналасқан

16.03.2023

Қаскелеңде шипажай ашылды

13.02.2023

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023

Самғау Нәсіпхан қазақы нақышта аяқ киім тігетін шеберхана ашты

27.01.2023

Жаркент өңірінде кәсіпкер мал бордақылап сатуды қолға алған

26.01.2023

Кентаулық отбасы темірден қажетті құралдар шығаруда

18.01.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанға сиыр етін әкелуге 2023 жылға квота 21 мың тоннаны құрайды

25.08.2022

PepsiCo компаниясы қалдықтарды өңдеу бойынша жаңа жобалар бастады

28.12.2022

Екібастұзға көмек: кәсіпкерлер тарапынан 500 дана жылыту құралы жеткізілді

03.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа