No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Озық технологиялы «Шәй орталығы» Қарасай ауданында орналасқан

25 жылдық тарихы бар мекемеде бүгінде жүзге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр - kazbusiness.kz

16.03.2023
Дара кәсіпкер
85
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылы. Дәл осында еліміздегі ең ірі шәй өндірушілерінің қатарына кіретін компания – «Шәй орталығы» орналасқан. 25 жылдық тарихы бар мекемеде бүгінде жүзге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Компанияның пайда болуы, осы дәрежеге жету жолы – бүгінгі мақаламызға арқау болмақ.

Алдын-ала хабарласып, келісілген уақытқа кешікпей жеткен біздерді компания тобының операциялық директоры Асқар Төлебердіұлы жылы жүзбен қарсы алды.

  • Қазіргі таңда компания жылына 2500 тонна шәй шығарады. Бұл Қазақстан шәй нарығының 7 %-на тең. «Шәй орталығын» Қазақстан мен Ресейдің 32 өңірінде таниды. Ал, жалпы көлемі 1 га жерді алып жатыр, — деп мағлұмат берді ол.

Жалпы, кәсіпорынның толық циклді шай өндірісі, шикізаттың, жинақтаушы бұйымдар мен дайын өнімнің қоймалық кешендері, мамандандырылған механикалық өндіріс сияқты құрылымдық бөлімшелері, жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысатын бірқатар еншілес кәсіпорындары бар. Компанияның брендтерінде Кения, Үндістан, Цейлон және Қытайдан келген шайдың сорттары жетерлік.

Қауырт жұмыс қызып жатқан өндіріс орнына қарай бет алдық. Естігеніміз – тарс-тұрс еткен іс барысындағы құрылғының дауысы, сезгеніміз – хош иісті таза шәйдің дәмі! Қап-қап болып үйілген шикізаттың жеткізілуі, шәйдің араластырылуы, қағаздарға оралып әдемі қораптарға салынуы түгелдей көз алдымызда. Тезірек компания тарихына үңілгіміз келді…

Жасыратыны жоқ, тоқырау заманның талабына бағынып, тіршіліктің амалын іздеген өзгелер сияқты, компанияның негізін қалаушы Медеу Серікбаев та 1990 жылдары алып-сатумен күн көрген. Шығыс Қазақстан облысының тумасы 1998 жылы жиған-тергеніне шәй өнімдерін орап, қаптайтын шағын цех ашқан. Бұл ол үшін сәтті қадам еді. Өйткені, дәл осы кезеңде Алматы шәйөлшеу фабрикасы өзін банкрот деп жариялады.

 

Компанияның ісі әу-бастан ақ өрге басып жүре берді. Себебі, біріншіден компания басшылығын бір кездері совхоз бастығы, аудан әкімі сияқты лауазымды қызметтерді атқарған әкесі Төлеуғазы Тасқымбайұлы Серікбаев қолына алды. Екіншіден компанияның басқа бәсекелестіктерінің алдында артықшылығы көп еді. Атап айтқанда, шетелден дайын шәй тасып, мемлекетке тиісті салымдарды төлеп отырды. Алғашқы жылдың өзінде штаттағы тоғыз адаммен «Сергек» деген маркада 60 тонна шәй сатылды. Таяқтың екі ұшы бар демекші, сұраныстың артқаны соншалық, келесі жылында компания шикізат тапшылығын сезіне бастаған.

Әрбір өткен жыл өндіріс орны үшін жаңа тәжрибе мен жаңа жетістіктер әкеліп тұрды. Қазіргі таңда «Шәй орталығы» 10 түрлі бренд аясында 70 түрлі өнім өндіреді. Үлгілері зертханада сақталып тұрады.

Бұл ретте шәйдің жаңа бір түрін шығару үшін компания басшысы Медеу Серікбаевтың өзі зертханада құлшына іске кіріседі. Бұл мақсатта ол кемі 150-200 кесе шай ішіп дәмін талғайды. Жауапкершілік деген осындай болса керек!

Бүгінгі  таңда шетелден әкелетін шикізаттың 60 % — Кенияға, 30 % — Үндістанға, қалған 10  % — ы Қытай, Индонезия, Шри-Ланка, Вьетнамға тиесілі.

Сұхбаттасымыздың әңгімесінен түсінгеніміз, шәй бизнесінің артықшылығы – ұзақ мерзімділігі. Мұнда 10 жылды алға салып жоспарлау қалыпты жағдай.

  • Қазірдің өзінде бізбен серіктес болғысы келетін компаниялардың кезегі, жалпақ тілмен жеткізгенде – бір шақырымдай болып тұр. Біз оларға әлі 10-15 жыл күтуі мүмкін екендігін ескертеміз. Провайдерлерді көрсететін қызметінің сапасына қарай таңдаймыз, өнімдерінің үлгісі, қандай артықшылықтарға ие екені назарға алынады. Егер серіктес тарапынан қателіктер орын алса, екі ескертуден соң жоғарыда айтылған кезектің соңына қоямыз. Жалпы, шәй әлемі шағын болғандықтан, беделділікті жоғалтпау өте маңызды, — дейді ол.

Бүгінде үлкен әулеттің отбасылық ісіне айналған бизнесті дамытумен 28 жастағы баласы Бектұр Төлеуғазынов айналысуда. Ол КИМЭП-ті есеп пен аудит және маркетинг мамандығы бойынша бітірген. Атадан жеткен мұраны қолға алмас бұрын ол сату маманынан бастап карьералық баспалдақтардан сыналып өткен. 2015 жылдан бастап қана компания тізгініне ие болған.

Осы Бектұрдың бастамасымен 2012 жылы «Шәй орталығы» Қырғызстан мен Ресей нарығына шыққан. Бәсекелестік бар жерде сапа бар. Бұл ретте 2015 жылғы девальвация компанияның тіптен қанат жайып өсуіне көмектескендей. Дәл осы кезеңде компания «Даму» қорынан 6% — бен 100 млн теңге несие алып, іске салған. Қазір ол берешек толықтай өтеліп те қойыпты.

Статистикаға сүйенсек, былтырдың өзінде өндірілген 2500 тонна шәйдің  35% -ы Ресейге, 1 % — ы Қырғызстанға жөнелтілсе, қалған 64 %-ы Қазақстанда сатылып кеткен. Бүгінде нарықты кеңейту бағытында Белорусия көзделіп отыр. Сонымен қатар, Өзбекстан, Украина, Молдова, Румыния, Әзірбайжан да тізімде бар.

Шәй орталығы нарықтың «заңына» бейімделіп қана қоймай, заманауи тілмен айтқанда трендтен де қалыспақ емес. Көбінесе сұраныс пакеттелген шәйға болатын көрінеді. Оны жасайтын арнайы құрылғыны компания 2016 жылы әкеліп орнатқан. Сол кезде құрылғыдан шыққан шәйдің сатылымы барлық өнімнің тек 1% үлесін құраған еді. Қазір ол көрсеткіш 15-20%- ға өскен. Оның себебі – тұтынушылардың шәй қайнатып отыруға уақыты азайған немесе бұл үрдісті өзіне ыңғайлы етуді қалайды.

Сонымен қатар, жеміс-жидектен жасалған, хош иісті шәйларға сұраныс артып, көптеген тұтынушылар кофе сегментіне көшкен. 2019 жылы «Шәй орталығы» «Пабло» маркасымен сублимацияланған бразиялиялық кофе сатқан. Оны шығару үшін Медеу Серікбаев өзі түрлі елдерден әкелінген кофені қуырып, ұсақтап араластырып тәжірибе жасап, өз тұтынушыларына төменгі сорттан даярланатын жұмсақ кофе керек екенін анықтаған. Қазір осы атаумен пакеттелген дайын кофе сатылымда бар.

 

2018-2019 жылдары компания 100 мың еуро көлеміндегі қаражатқа консультациялық қызмет алған. Бұл мақсатта үш халықаралық кеңесші жалданып, стратегиялық жоспарлау бойынша кайдзен принципін енгізе отырып сату, маркетинг, өндіріс бағытында жұмыстар жасалған. Осы жағдай да бизнестің кең қанат жая түсуіне түрткі болған. Бұл ретте 2020 жылы «Шәй орталығының» ISO сертификатына қол жеткізіп, еуропалық стандарттар жұмыс істейтін елдердің нарығына шығуға мүмкіндік алғанын айтсақ жеткілікті.

Қоюлап шәй ішпесе басы ауыратын халықпыз ғой! Тіпті, еліміз шайды көп қолданатын елдердің бестігіне кіретіні белгілі. Сондықтан, компанияның басты бағыты – әрдайым сапаны жоғарылатып, бағаны барынша тұрақтандыру.

Міне, бұл компанияның даму тарихының өзі жас кәсіпкерлер үшін үлкен мотивация боларына сенім мол. Істің көзін тауып, ілгері басуға ұмтылу қажет және ол әркімнің қолынан келеді. Тек мақсатыңыз айқын, бағытыңыз берік, ұмтылысыңыз зор болсын!

Байланысты Материалдар

Қаскелеңде шипажай ашылды

13.02.2023

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023

Самғау Нәсіпхан қазақы нақышта аяқ киім тігетін шеберхана ашты

27.01.2023

Жаркент өңірінде кәсіпкер мал бордақылап сатуды қолға алған

26.01.2023

Кентаулық отбасы темірден қажетті құралдар шығаруда

18.01.2023

Тігін бұйымдарымен шетелдіктерді тәнті етті

18.01.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандағы күріш қоры ішкі тұтыну көлемінен 2 есе артық

08.12.2022

«Алтын Орда» базарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауға участік беріледі

17.11.2022

Kazbusiness.kz ұсынады: Бизнес жайлы бес фильм

30.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа