No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Қарадала жерінде «Алтын фрукт» табиғи шырыны өндіріледі

Қарадала жерінде сағатына 4 тонна алма мен өрік өңдейтін зауыт орналасқан.

16.06.2022
Дара кәсіпкер
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Күндігіне 50 тоннаға дейін өнім өңдейтін кәсіпорынның есігін айқара ашқанына 3 жылдың төңірегі болды. Ол — «АгроПросессинг» ЖШС.

Зауыт басшысы- Бахтияр Абдулминов. Жеміс-жидек арқылы жетістікке жетуді көздеген кәсіп иесі алғашында ауқымды істі бастауға 500 млн. теңге көлемінде қомақты сомаға инвестиция тартқан. Кәсіпорынға шикізат шеттен емес өз ауылына жақын маңнан жеткізіледі. Нақтыласақ, Бахтияр мырза аудан маңындағы Қалғантам және Шырын елді мекендерінен жер телімін алып, өрік өсіреді. Бүгінгі таңда өзі баптап өсіретін өнім зауытты шикізатпен толық қамтуға қауқарлы.

Теңдесі жоқ өнім — «Алтын фрукт» деген аталыммен нарыққа шығуда. Атау ерекше шырынның жасалу әдісі де ерек. Өйткені, қосымша ингридиенттер мен бояуыштар, су мен қант  қосылмайды. Табиғи таза сығындыдан жасалған алма шырынының құрамында А, В, және С дәрумендері мол болады. Сонымен бірге, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Дәрумендер шаш пен тырнақты қатайтуға жақсы әсер етеді. Алма шырыны бұған қоса темір, магний, фосфор және минералды затқа бай.

Таза өнімнің әр литрі 1 мың теңгеге бағаланып отыр. Қаптамада 3 литрден жүреді. Шырын тек ауданда емес, Алматы сынды ірі қаланың нарығын бағындырып  отыр. Соныман қатар, сусын шипалы арасан суларындағы демалыс үйлерінде саудаланады. Кәсіпорын басшылығы ендігі кезекте зауыт жұмысын жандандыруды көздеуде.

Таурдың сырты да өзгеше, ашылатын ернеуіде самаурынның шүмегіне ұқсас жасалған.  Айта кетейік, өнім сыртында «Шонжы ауылынан шыққан өнім» деген жазу бар. Бұл жеке кәсіп иесінің емес, тұтас өңірдің бетке ұстар мақтанышына айналған деп айтуға толық негіз бар.

 

Байланысты Материалдар

Озық технологиялы «Шәй орталығы» Қарасай ауданында орналасқан

16.03.2023

Қаскелеңде шипажай ашылды

13.02.2023

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023

Самғау Нәсіпхан қазақы нақышта аяқ киім тігетін шеберхана ашты

27.01.2023

Жаркент өңірінде кәсіпкер мал бордақылап сатуды қолға алған

26.01.2023

Кентаулық отбасы темірден қажетті құралдар шығаруда

18.01.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкерлердің Өзбекстан арқылы сауда жасауы жеңілдейді

03.03.2023

Нидерландыда кәсіп ашқан қазақстандық 20 адамды жұмыспен қамтып отыр

01.11.2022

Қазақстанда қарақұмық жармасы өндірісінің көлемі 66,9% — ға ұлғайды

06.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа