No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Дара кәсіпкер

Қаскелеңде шипажай ашылды

Қарасайлық кәсіпкер қараусыз қалған шипажайды қалпына келтіріп, өңірдегі туризм саласының дамуына үлес қосуда. Бұған 500 миллион теңгеге жуық инвестиция құйылған. Қаржының біраз бөлігі «Даму» қоры арқылы алыныпты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

13.02.2023
Дара кәсіпкер
548
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тарихқа үңілсек, 1981 жылы бұл жерде «Рахат» шипажайы жұмыс істеген. Уақыт өте келе, 2006 жылы оның базасында мұнайшылардың балаларына арналған лагерь пайда болды. Кейінірек нысан атауы «Сары-Арқа» деп өзгертілді.

2010 жылы белгісіз себептермен демалыс орнының жұмысы тоқтап, ғимарат тіптен қаңырап, бос қалды.  Көп ұзамай-ақ, ол толығымен талан-таражға түсіп, қирай бастаған.

Өткен жылы Қарасай ауданының туризмін дамытуды мақсат еткен кәсіпкер Серік Сақабаев осы нысанды жаңғыртуды қолға алды. Сөйтіп, 2022 жылдың мамыр айында санаторийді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Қазіргі таңда шипажай аумағындағы сегіз ғимараттың төртеуі күрделі жөндеуден өткен. Жөнделіп қана қоймай, толықтай жасақталып, таяуда ғана Rahat Resort атауымен оңалту-сауықтыру кешені келушілерге өз есігін айқара ашты.

Кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, аталған іске 500 миллион теңгеге жуық инвестиция құйылған. Олардың біразын «Даму» қорының қолдауымен «ForteBank» АҚ қаржыландырған.

Емдеу ғимаратының меңгерушісі Айжан Бекованың айтуынша, кешенінің негізгі қызметі – инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен оталарға ұшыраған науқастарды оңалту болып табылады. Ол үшін Ресейде, Германияда, Швейцарияда жасалған заманауи құрал-жабдықтар, соның ішінде нейро-және травматологиялық реабилитацияға қажетті роботтық жабдықтар жеткізілген.

Бұдан бөлек, шипажайдың есігі арнайы келіп курорттық ем алам деушілер үшін де айқара ашық. Ол үшін физио, парафинді және балшықпен емдеу процедуралары, оттегімен емдеу, ингаляция жүргізіледі, әмбебап жаттығу залы және тұз шахтасы, сауна, бассейн және фито-бардан тұратын SPA орталығы жұмыс істеп тұр.

Бұл емдеу-сауықтыру мекемесінің жалпы аумағы екі гектардан асады. Айналасы түгелдей қылқан жапырақты, жапырақты және жеміс ағаштарымен абаттандырылған.

Бүгінгі таңда Rahat Resort кешенінде барлығы 80 төсекке есептелген бір, екі орынды және люкс бөлмелері бар. Кешен ашылғалы жергілікті 30 тұрғын жұмыспен қамтылған.

Байланысты Материалдар

Озық технологиялы «Шәй орталығы» Қарасай ауданында орналасқан

16.03.2023

Табыс әкелген «Eva төсеніштері»

31.01.2023

Самғау Нәсіпхан қазақы нақышта аяқ киім тігетін шеберхана ашты

27.01.2023

Жаркент өңірінде кәсіпкер мал бордақылап сатуды қолға алған

26.01.2023

Кентаулық отбасы темірден қажетті құралдар шығаруда

18.01.2023

Тігін бұйымдарымен шетелдіктерді тәнті етті

18.01.2023

Ұсынылатын материалдар

Қарадала жерінде «Алтын фрукт» табиғи шырыны өндіріледі

16.06.2022

Қараталдық шаруалар күріш жинап бітті

17.10.2022

Жетісулық көп балалы ана кәсіп ашты

14.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа