No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Kazbusiness

Салық есептілігін тоқтата тұруға болады

ҚР Қаржы министрлігі салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру тәртібін таныстырды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

30.03.2023
Kazbusiness, Жаңалықтар
75
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Қаржы министрлігі салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру тәртібін таныстырды:

“Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 213-бабының 1-тармағына сәйкес салық төлеушінің салық өтініші негізінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзартуға немесе салық есептілігін табыс етуді қайта бастауға құқығы бар”, – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ министрлік мәліметінше, азамат тарапынан салық бойынша есеп беруді етуді тоқтата тұру, оны қайта бастау не ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, қызметті тіркеу орны бойынша салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органына салық өтінішін ұсынады.

Ол үшін салықтық есептілік беріледі және салықтық өтініш жазылады. Қызметті тоқтата тұру туралы салықтық өтінішті салық есептілігімен бір мезгілде ұсынып немесе одан кейін де беруге болады.

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың жалпы мерзімі Салық Кодексінің 48-бабында белгіленген талап ету мерзімінен, яғни үш жылдан аспауы тиіс.

Салық бойынша есеп беруді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін, қызметті қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда, салықтық өтініш беріледі. Сонымен қатар салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда салық өтініші табыс етіледі. Ұзарту үш жылдан аспайтын жалпы мерзімді ескере отырып, салық өтінішінде көрсетілген кезеңге жүзеге асырылады.

Мемлекеттік кірістер органы салық өтінішін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұруға (ұзартуға, қайта бастауға) немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тартуға міндетті.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруына мына жағдайларда жол берілмейді:

1) өтініш берілген күнге салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі болса;

2) мыналарды ұсынбау фактілері болса:

– талап қою мерзімін ескере отырып, салық есептілігін;

– қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюға салық өтінішін;

3) салық органымен әрекетсіз деп танылса;

4) салық органы жіберген хабарламаларды орындамаса.

Заңды тұлға үшін қызметті тоқтата тұру туралы шешімді құрылтайшылар жиналысында немесе компанияның жалғыз құрылтайшысы қабылдайды.

Байланысты Материалдар

Қор нарығы 2025 жылғы 3 шілде: Dow RITS;Мықты жұмыс орындарының лифтілері базарлары – WSJ

05.07.2025

Ашибай Робиндіктердің «ашық шоспен» – Техниканы айыптайды

04.07.2025

Маусымдық көшелер күткендей, қор фьючерстері аз өзгерді

04.07.2025

U.s. Lifts чиптік бағдарламалық жасақтаманы Condow Trade Tuck – CNBC

04.07.2025

Tesla-дың сатылымдағы құлдырауы EV салығы бойынша болашаққа кіреді, өйткені Вашингтон Посты

04.07.2025

Джером Пауэлл: Трамп АҚШ-тың Орталық банкіне бірден кетуге шақырады – BBC

04.07.2025

Ұсынылатын материалдар

Астанада 200-ге жуық дүкен азық-түлік бағасын қолдан көтерген

16.02.2023

«Обал жасаған екен»: Әлем чемпионы Санжарды университет оқудан шығарып жіберген

16.05.2023

Крис Гильбоның “$100-лық стартап” кітабының қысқаша мазмұны

02.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа