No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елде сүт тапшылығы болуы мүмкін бе?

06.10.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ауыл шаруашылық министрлігі сүт өнімдерінің өндірісі жыл соңына дейін 8%-ға қысқарады деп болжам жасаған. Ведомство мәліметінше алғашқы 6 айда өңделген сүт шығару 410 мың тоннадан 373 мың тоннаға дейін немесе 9%-ға азайған, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Ресей мен Украина арасындағы жанжал сүт өндірісінің қысқаруына әсер еткен. Шикі сүт, май мен өзге де қажетті қоспалар осы елдерден әкелінген. Алайда иимпорт бір жолға қойылмағандықтан, елде сүт өнімдерінің тапшылығы байқалады. Ал отандық зауыттардың қуаттылығы ішкі нарықты тек 70%-ға қамтамасыз етуге жетеді.

“Азық-түлік қауіпсіздігін бірден ретке келтіру мүмкін емес. Әрине, бұл үшін бүтіндей агроөнеркәсіп кешендері, фермалар мен зауыттар, жем-шөп керек. Бұл 30 жыл бұрын мінсіз жұмыс істеген тізбек еді. Алайда мұның барлығы 30 жылда үзіліп қалды”, – дейді экономист Бекнұр Қисықов.

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісі де азайған. Жыл басында 26,5 мың тоннна өндірілсе, қазір 24,5 мың тонна ғана өндіріледі. Сонымен қатар сары май мен қойылтылған сүт те аз өндіріледі екен.

“Қазақстанда сүт өнімдерін дайындау үшін шикі сүттің сапасы айтарлықтай жоғары емес. Егер сүт тез ашыса, сапалы екенін көрсетеді деген миф бар. Алайда керісінше тез ашыса, құрамында бактериялар көп деген сөз, яғни сапасы төмен”, – деді Сүт нарығын зерттеу орталығының басшысы Михаил Мищенко.

Ішкі нарықты сүт өндірісінің қысқаруы тауардың қымбаттауына алып келді. Жыл басынан бері баға екі есеге өскен. Мәселен, ақпанда майлылығы 3,2% болатын сүт 300 теңге болса, қазір оның бағасы 620 теңге.

Мамандар жағдайды реттеу үшін Иран, Тәжікстан мен Түркия арқылы логистика тізбегін реттеуге тырысып жатыр. Сонымен қатар шағын шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіріп, сүтті мал тұқымдарын сатып алуды субсидиялау қажет.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Талғар ауданында 100-ге жуық тұрғын жерін заңдастыра алмай келеді

01.12.2022

Министрліктер мен әкімдіктер 55 млрд теңгені игермеген

16.05.2023

“Асыл армандағы” 2021 жылы басталған мектеп құрылысы қашан аяқталады?

30.05.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа