No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері жөніндегі заңда қандай жаңашылдықтар бар?

2022 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Бұл құжатта асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамаға да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

27.12.2022
Керек дерек, Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қабылданған нормалар өсірілетін жануарлардың генетикалық әлеуетінің деңгейін арттыруға және селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың сапасын жетілдіруге, асыл тұқымды мал басы санының өсу қарқынын жеделдетуге және олардың өнімділігі деңгейін арттыруға бағытталды.

Бұдан басқа ұғымдық аппараттағы терминдер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы қабылданған келісімге сәйкес келтіріледі. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу кезінде келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ уәкілетті органның жануарларды индекстік бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыреттері енгізіледі. Бұл әдіс жануардың иесіне қажетті пайдалы белгілерді дамыту үшін керек.

Уәкілетті орган геномдық бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлеп, бекітеді. Бұл ерте кезінен бастап асыл тұқымды құндылықты анықтауға, жануарларды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды азайтуға, ең жақсы өндірушілерді бағалауға, өндірушілерді іріктеу қарқындылығын арттыруға, әр тұқымдағы генетикалық прогресс пен тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар малдың шығу тегі туралы нақты ақпарат алу үшін жануарларға молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту бөлігінде құзыреттер енгізіледі.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы бейініндегі қазақстандық ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілеттіктерін күшейту көзделіп отыр.

Заң ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында профилактикалық бақылау жүргізу ерекшеліктерін регламенттеуді көздейді. Соның арқасында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ бұзушылықтардың жолын кесуге және олардың алдын алуға болады, ал ең бастысы субъектілер уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өздері жоя алады.

Жалпы республика бойынша асыл тұқымды малдардың үлес салмағының  өсуінде жақсы серпін сақталып отыр.

2022 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткішке сәйкес шаруашылықтардың барлық санаттарындағы асыл тұқымды ІҚМ саны  1,06 млн басты құрайды, бұл республикадағы жалпы мал басының 13%. Айта кетейік, 12 жыл бұрын елдегі асыл тұқымды ірі қара малдың үлес салмағы 2,9% деңгейінде болған еді.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда жыл басынан бері 950 мың тоннаға жуық ет өндірілді

01.12.2022

Лимузиндер бойынша көлік салығы қалай есептеледі?

17.06.2022

«Жайлы мектеп» жобасына қатысу үшін жиһаз өндірушілерде индустриялық сертификат болуы керек

19.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа