No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Кәсіп-нәсіп: бизнесті нөлден бастау

«Бизнес ашу-қыруар қаражатты қажет етеді» деген пікір сананы торлағаны ақиқат. Сондықтан болар, көп адамдар кәсіп бастауға жүрексініп, әлеуметтік әрі қаржылық жағдайын жақсартуға тырыспайды, нақты шешім қабылдауға асықпайды.

15.06.2022
Керек дерек
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Негізінде бизнес дегеніміз, қарапайым сөзбен айтқанда еңбек ету дегенді білдіреді. Алдына мақсат қойған адам үшін қашанда жұмыс табылады. Тіпті, үй жағдайында кәсіп бастауға мүмкіндіктер көп. Осы орайда сіздердің назарларыңызға үйде отырып бастауға болатын 4 түрлі бизнесті назарларыңызға  ұсынамыз.

  1. Тәтті тағамдар пісіру 

Егер сіздің аспаздық қабілетіңіз бен тәтті тағамдар дайындауға деген құлшынысыңыз болса, үйіңізді кішігірім кондитерлік бизнеске айналдырсаңыз болады. Кекс, бәліш, маффины, торт, капкейк, макарун, муале, міне, осының барлығын дайындай аласыз. Оны әлеуметтік желі арқылы сатуға болады. Басында кішігірім ассортиментке тоқталып, сол бойынша өнім бағасын белгілеңіз. Содан кейін біршама тәжірибе жинақтаған соң, үлкен тойға, туған күнге, балалар мейрамына арналған торттарды дайындауға кіріссеңіз болады. Үй тағамдарын дайындау кезінде өте мұқият болыңыз. Ас бөлмеңізде тағамдарды дайындау мен сәндеуге қажетті барлық құрал-жабдықтар мен ас өнімдерінің болуы шарт.

  1. YouTube арқылы табыс

2017 жылдың басында аталмыш сервисты қолданушылар саны миллиардтан асты. Олардың ішінде көпшілігінің жеке арнасы да бар. Біреулер үшін бұл жай ғана хобби, ал біреулерге нағыз бизнес көзіне айналып отыр.  Сіз де YouTube-та өзіңіздің жеке каналыңызды ашып, әр түрлі жолмен жарнама жасау арқылы бизнеспен айналыссаңыз болады. Бұған әрине аздаған ептілік керек. Сіздің түсіретін видеоларыңыз қызықты, көрермен көңілінен шығатындай тартымды, лайк пен пікір жинай алатындай болуы шарт. Ең бастысы мұнда көрермен жинау. Егер миллиондаған көрермен жинай алсаңыз, онда жолыңыз болды деп есептеңіз. Әрине сізге бейнекамера, смартфон, монтаждаушы бағдарлама, компьбтер, интернет сосын ең бастысы креативті идея керек.

  1. Интернет-дүкен ашу

Бұл бизнес түрі бүгін үлкен сұранысқа ие екендігі белгілі. Жұртшылықтың көп бөлігі де дүкендерді аралап жүргеннен гөрі, ғаламтор арқылы тапсырыс бере салғанды жөн көреді. Дегенмен, нарықтағы бәсекелестік жоғары екендігін ескеріңіз. Сіз бастайтын бизнес, ондағы тауар қандай да бір белгілерімен артықшылықтарға ие болса ғана, қызметтің алға қарай жылжуы мүмкін. Алдын-ала нарықты зерттеп алыңыз. Бастапқы капитал сіздің тауарыңызға, қызметіңіздің сапасына байланысты анықталады.

  1. Әшекей бұйымдар жасау.

Бұл үшін қолыңыздан бал тамған ұста болу міндетті емес. Әйел адамдарға қолайлы бұл кәсіпті бастау үшін қолыңыздың ептілігі мен аздаған ынта керек. Түрлі бұйымдарды жасауға арналған кеңестер youtube-ден қарап, идея алуға болады. Ал керек жабдықтар мен моншақ, түйіршік тәрізді керек заттарды сататын арнайы дүкендер бар. Ең арзанын барахолкадан аласыз. Жасаған өнімдеріңізді әлеуметтік желі арқылы сатуға болады. Бұл үшін инстаграм таптырмас құрал. Бұдан бөлек сауда орталықтарында әшекей бұйымдар сатушылармен келісіп сатуға болады.

Байланысты Материалдар

Е-tutynushy.kz — тұтынушы құқығын қорғауға көмектеседі

14.03.2023

Қазақстанда жарнасы 30%-дан басталатын жаңа ипотека алуға болады

10.03.2023

«Жеке іс» қызметімен жұмысшы табу жеңілдейді

28.02.2023

eOtinish — мемлекеттік органдарға өтініш берудің оңай жолы

27.02.2023

Жасқа қарамай жұмысқа орналасыңыз!

22.02.2023

Алматыда кәсіпкерлерді қолдауға арналған жобалар бар

16.02.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда агросақтандыру сыйақыларын субсидиялау 50% -дан 80% -ға дейін артады

01.09.2022

Кәсіпкерлердің «Атамекеннен» басқа баратын жері жоқ- Жаңабай Бекішов

13.11.2022

Қазақстандықтар криптовалюта туралы қайдан біледі?

10.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа