No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Көлікті тез арада кепілдіктен қалай алып тастауға болады?

05.05.2023
Керек-дерек
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандықтар автокөлік несиесін төлеп біткеннен кейін оны кепілдіктен алып тастауы керек. Алайда енді ол үшін құзырлы мекемелерге барудың қажеті жоқ, себебі барлық үдеріс онлайн режимге ауысқан. ІІМ бүгінде онлайн түрде автокөлікті кепілдіктен алу бойынша қызметті қанша азамат пайдаланғаны туралы айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Көп жағдайда қазақстандық үшін автокөлікті сатып алу қиынға соғады. Әдетте мұндай тұрғындар банктік несиеге жүгінеді. Несие сатып алынған автокөлікті кепілге қою арқылы беріледі. Бұл ереже бүгінде Қазақстанда іске қосылған жеңілдетілген автонесие бағдарламасына да қатысты.

Бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында бар. Онлайн-сервис іске қосылғаннан бастап оны 90 мыңға жуық автокөлік иесі пайдаланып үлгерген.

Министрліктің сөзінше, автокөлікті несиеге сатып алу кезінде азаматтарға сатып алынатын автокөлікті кепілдікке қою қажет. Бұрын автокөлікті кепілдікке қою үшін облыс орталығына барып, полицияда кепілдік туралы шартының бірнеше данасын тапсырып, кейін оларды банкке қайта апару керек болатын.

Бұл үдеріс 3-4 күнге дейін созылып, автокөлік иесі үшін қолайсыз болатын. Ал азамат несиені толық өтеген жағдайда автокөлікті кепілдіктен алу үшін несиенің толық өтелгені туралы жазбаша растау қағазын банктен алып, кейін оны полицияға тапсыруға тиіс болатын.

Аталмыш үдерісті жеңілдету үшін ІІМ кепілдікті тіркеу қызметін онлайн-режимге ауыстырды. Бұгінде азамат тек банктің қосымшасында авторизациядан өтіп, құжаттарға цифрлық қолтаңбамен қол қоюға тиіс. Кейін автокөліктің кепілдігі ІІМ деректер базасында автоматты түрде тіркеледі.

Осылайша азаматтар полиция мен банктерге бармай-ақ, кепілдікті 5 минуттың ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастай алады. Ал кепілдік шарты және оны тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері автокөлік иесінің смартфонында қолжетімді.

Байланысты Материалдар

Ипотекадағы пәтерді жалға беру қаншалықты тиімді?

27.05.2023

Incruises және басқалары: қаржы пирамидаларының тізімі жаңарды

24.05.2023

Қаржы пирамидасының басты белгілері қандай?

24.05.2023

Қаскелең мен Қарғалыдағы туристік аймақтар

23.05.2023

Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады?

22.05.2023

Қазақстан бірқатар елдерге визасыз бара алады

21.05.2023

Ұсынылатын материалдар

8 наурызға орай аналарға бір реттік жәрдемақы төленеді

06.03.2023

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОБ саны артты

18.07.2022

Шетелден әкелінген бизнеске арналған көлікті заңдастырудың қажеті жоқ

17.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа