No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек дерек

Ең тиімді депозит қайда?

kazbusiness.kz қазақстандық банктерде қолжетімді ең тиімді депозиттердің топтамасын ұсынады.

14.02.2023
Керек дерек
68
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

1) Халық арасында танымал Kaspi.kz сыйақының тиімді мөлшерлемесі теңге үшін 15%, ал доллар бойынша 1% болатын депозиттерді ұсынады. Теңгедегі депозитті ашу үшін ең аз сома — 1 000 теңгені, валютадағы депозитті ашу — 10 АҚШ долларын құрайды. Депозиттерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған. Бұл қызметті банктің мобильді қосымшасынан онлайн немесе кез келген банк бөлімшесінен ашуға болады.

2) Jusan банкі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 15,5% дейін жететін депозит қызметін ұсынады. Салымды ашу үшін ең аз сома – 1 000 теңге/50 АҚШ доллары/50 Еуро/2000 Ресей рублі. Депозит мерзімі ұлттық валютада 12 ай немесе 24 айға, ал шетел валютасында 12 айға созылады. Салымды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған және депозитті банктің мобильді қосымшасы мен кез банк бөлімшелерінен ашуға болады.

Как сохранить свой депозит и заработать: выбираем вклад в 2019 | PSM7.COM

3) Halyk Bank 16,0% дейінгі тиімді сыйақы мөлшерлемесімен депозит ашуды ұсынады. Оны 6-24 ай арасында ең аз сомасы – 15 мың теңге/50 АҚШ доллары болатын қаражатпен аша аласыз. Депозитті толықтырып отыруға не ішінара шешіп алуға болмайды. Одан бөлек Halyk Bank 15,2% тиімді сыйақы мөлшерлемесі бар депозит ұсынады. Бұл салымды ашудың ең төменгі сомасы – 1 мың теңге/10 АҚШ доллары болса, мерзімі – барлық валюта үшін 12 ай. Айтылған депозитті толықтырып отыруға не ішінара шешіп алуға болады. Банк депозиттерін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған.

4) BankCentercredit «Чемпион» депозиті үшін 15.5% мөлшерлемемен сыйақы ұсынады. Депозитті ашудың ең аз сомасы – 1000 теңге/10 АҚШ доллары/10 еуро/1000 Ресей рублі. Қызметті ашу мерзімі – 13 немесе 24 ай. Салымды ішінара шешіп алу мен толықтырып отыруда ешқандай шектеу жоқ.

Айта кеткен жөн, депозит ашуды жоспарлаған болсаңыз, алдын ала өзіңіз таңдаған банктің онлайн калькуляторынан сыйақы мөлшерін есептеп алуға болады.

Байланысты Материалдар

Ұлттық қор ақшасы 18 жасқа дейінгі балаларға қалай беріледі?

26.03.2023

Е-tutynushy.kz — тұтынушы құқығын қорғауға көмектеседі

14.03.2023

Қазақстанда жарнасы 30%-дан басталатын жаңа ипотека алуға болады

10.03.2023

«Жеке іс» қызметімен жұмысшы табу жеңілдейді

28.02.2023

eOtinish — мемлекеттік органдарға өтініш берудің оңай жолы

27.02.2023

Жасқа қарамай жұмысқа орналасыңыз!

22.02.2023

Ұсынылатын материалдар

Франшиза сатып алуда алданып қалмауға кеңес

04.11.2022

Кәсіпкерлер лифттерге қызмет көрсететін компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетуді сұрайды

19.01.2023

5:32 сериалына қатысты сот үкімі шықты

02.03.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа