No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Керек-дерек

Табысты кәсіп ашудың жолдары бар ма?

Жеке кәсіп ашып, кәсіпкер атанғаннан кейін бірден табысқа кенелу үшін барлық кедергіні алдын ала жоспарлаған дұрыс. 

20.01.2023
Керек-дерек, Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

І Бизнес-идеяны тұжырымдау

Алдымен өзіңізге қызық, құнды идея тапқаныңыз жөн. Әйтпесе бизнесіңізге қызығушылық болмаса, іс құрдымға кетуі мүмкін. Өзіңізді шабыттандыратын, хоббиіңізге барынша сәйкес келетін іс бастаған дұрыс. Жаңа нәрсені ойлап табудың қажеті жоқ. Оның орнына, нарықта бар, қызығушылығыңызға сәйкес келетін бизнес түрін алып, оны дамыту, тұтынушыға қалай дұрыс жеткізу жолдарын ойлаңыз.

ІІ Нарықты талдау

Идеяны таңдап алған соң, нарыққа талдау жүргізу керек:

тауардың қаншалықты сұранысқа ие екенін анықтау;
бәсекелестікті бағалау;
баға мен ассортиментіне көңіл бөлу.
Бұл өнімге сұраныс бар-жоғын түсінуге көмектеседі. Нарыққа дүкен аралап, тауар бағасы мен сапасына наза аудару арқылы, құпия сатып алушы болу арқылы немесе сауалнама жүргізіп-ақ талдау жасай аласыз.

ІІІ Бизнес-жоспарын құру

Келесі қадам – ​​​​бизнес-жоспар құру. Ол болашақта кәсібіңіз қалай дамитынын, мүмкін болатын тәуекелдерді алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл – кәсіпкерлік бастаманы бағалаудың негізгі құжаты, жеке бизнес ашудың барлық кезеңін сипаттайтын нұсқаулық.

Бизнес-жоспар мынадан тұрады:

жобаның негізі мақсаты;
өнімді/қызметті әлеуетті сатып алушылардың саны;
тұтынушыларды тартудың тәсілдері;
бастапқы инвестицияның көлемі;
болжамды кіріс.
Pixabay.com

ІV Жобаны тіркеу

Қандай да бір кәсіпті ашсаңыз, оны ресми түрде тіркеу керек.

Кәсіптің түрін анықтау 

Жеке кәсіпкерлік.  Жеке кәсіпкерлік есеп беруді жеңілдетуге, аз төлеммен жылдам тіркеуге, кез келген аймақта жұмыс істеуге мүмкіндігін береді. Барлық түскен пайда – кәсіпкердің жекеменшігі. Қажет болған жағдайда, ЖК оңай жабылады. Бір кемшілігі, сауданың жекелеген түрлеріне шектеу бар (ішімдік, дәрі-дәрмек) және міндетті сақтандыру жарналарын төлеу керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Ол бірнеше меншік иелерін, жарғылық капиталға жауапкершілікті, қызметтің кез келген түрін жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады. Кемшіліктері – тіркеу шығынының қымбат болуы, есеп жүргізудің күрделілігі және қосымша салық.

Шағын бизнес үшін оны тіркеудің қарапайым түрі – жеке кәсіпкерлік. Оның басты артықшылығы – қаржы жеткіліксіз болса да, бизнес бастау мүмкіндігі. Сонымен қатар, интернет-дүкен ашу үшін арнайы рұқсат немесе лицензия қажет емес.

Салық және есеп

Кәсібіңізді ашып, оны тіркегеннен кейін міндетті түрде салық төлеуді және есеп тапсыруды ұмытпау керек. Қазір салық төлеу оңай. Бар болғаны, Kaspi.kz қосымшасы арқылы жеке кәсіпкерлігіңізді тіркеп қоюыңыз керек.

Егер бастапқыда кәсіп ашуға қаражатыңыз жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан “Бизнес жол картасы – 2025” бағдарламасы аясында қайтарымсыз гранттар, “Бастау Бизнес”, сондай-ақ, ауылшаруашылық кәсібіне де түрлі гранттар қарастырылған.

 

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

«Таза парақтан» реттеу: АӨК саласындағы бизнеске қойылатын 170 талаптың күші жойылады

22.10.2022

Ұлттық банк жылдық базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға көтерді

05.12.2022

Әскерде борышын өтеп жүргендерге кредиит демалысы қалай беріледі?

27.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа