Жалпы ауданы 594,9 га алып жатқан, үлкен өндіріс ошақтары орын тепткен бұл маң қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Индустриялық аймақта шағын станция орнатылған электр беру және жарықтандыру желілері, автомобиль жолдары, арық желілері, сыртқы байланыс, сумен жабдықтау және кәріз желілері, кірме теміржолдар тартылған.
Аталмыш бөлікті басқаруды Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компаниясы» ЖШС жүзеге асырады.
Жалпы, индустриялық аймақ аумағында 9 кәсіпорын жұмыс істейді:
- «Жетісу Май» ЖШС өсімдік майын рафинадтау және құю зауыты;
- «Аманат-Қазына» ЖШС синтетикалық жуғыш заттарды өндіру цехы;
- «агрокешен Жетісу Мажико» ЖШС майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты;
- «HALYQ ASTYQ EXPO» ЖШС құрама жем өндіру цехы;
- «BARS TECHNOLOGIES» ЖШС бетон өндіру зауыты;
- мұнай базасы – «Қара Май»ЖШС;
- мұнай өнімдерін (газ, ЖЖМ) сақтау, сату және құю жөніндегі кәсіпорын “ГазСпецСнабЮг”ЖШС;
- «ST BEST» ЖШС базальт плиталарын өндіру зауыты (СТ Бест);
- «Талдықорғанжолдары» ЖШС асфальт өндіру зауыты.
Айта кетейік, 2022-2023 жылдары өңірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданған, 242 жұмыс орнын құрумен, жалпы инвестициялар сомасы 16,8 млрд. теңгеге 5 жаңа жобаны іске асыру жоспарлануда. Олар:
- «AmanatLogisticKZ» ЖШС (Аманат Логистик КЗ) қуаттылығы 30 мың тонна астық сақтауға арналған астық қоймасын салу жөніндегі жоба;
- «Jetysu ceramic» ЖШС керамикалық қаптау, қатардағы кірпіш және блоктар өндіру зауытын салу;
- «BARS TECHNOLOGIES» ЖШС газоблоктар шығаратын зауыт салу;
- «ТК газоблок» ЖШС автоклавты газоблоктарды өндіру бойынша кешен құрылысы;
- «Жетісу Экспорт» ЖШС элеватор құрылысы.
Сондай-ақ, жеке меншіктегі жер учаскесінде «ASMA Industrial» ЖШС стационарлық аккумулятор батареялары зауытын салу бойынша жоба іске асырылуда.