No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көгілдір фишкалар деген не?

28.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Көгілдір фишкалар» терминімен инвестициялауды енді бастаған инвесторлар, әдетте, қор биржасында сауда-саттыққа кіріскен кезде танысады. Бұл дәстүр бойынша бағалы қағаздарды сатып алушылар арасындағы ең құнды акциялар болып табылады.

Сенімді компаниялардың акцияларын казинодағы фишкаларға ұқсас көгілдір фишкалар деп атап кеткен, ол жердегі мұндай түсті жетондар ең қымбат болып саналады. Биржадағы айналымға бұл термин 1920 жылдардан бастап кірген.

Көгілдір фишкалар немесе blue chips – елдің, өңірдің немесе бүкіл әлемнің ірі, тұрақты, сондай-ақ сенімді компанияларының әдеттегі акциялары.

Мұндай компаниялардың негізгі сипаттамалары :

Ол нарықта бұрыннан белгілі және оның беделі жоғары.
Оның капиталдануы жоғары, және кірісі тұрақты болады.
Әдетте, ол өз саласында алдыңғы қатарда.
Оның акцияларының өтімділігі жоғары және бағасы қатты өзгермейді, яғни оның құбылмалылық деңгейі төмен.
Өтімділік инвестордың осы компанияның бағалы қағазын сатып алу бағасы мен сату бағасының арасындағы болмашы айырмашылықпен тез сату мүмкіндігін білдіреді. Әдетте, көгілдір  фишкаларға, сұраныс жоғары болады, демек олардың бағасы жоғары болғандықтан оларды тез сатуға болады. Көгілдір фишкалармен инвесторлар әдетте көп мәмілелер жасасады.

Капиталдану деген компаниялардың барлық акцияларының құны екенін айтып өтелік. Алайда, бағалы қағаздар құнының жоғары болуы компанияның сенімділігінің көрсеткіші емес, себебі акцияның бағасы болашақтағы табысты ескеріп өсуі мүмкін. «Көгілдір фишкалардың» жоғары  капиталдануы бұл компаниялардың кірісінің айтарлықтай жоғары екендігін білдіреді, ол миллиардтаған АҚШ долларымен есептеліп,  оларда меншікті үлкен активтері болады. Осының барлығы инвесторларға бұл компаниялардың акциялары құнсызданбайды және олардың баға белгілеулері күрт құлдырамайды деген нық сенім береді.

Көгілдір фишкаларды сонымен бірге қор нарығының индикаторлары деп атайды. Олар бүкіл нарықтағы ахуалға әсер етіп тұрады, себебі ірі компаниялардың акцияларына баға көтерілсе, онда «екінші эшелонның», яғни аса ірі емес компаниялардың акцияларының бағасы да өседі деп саналады.

Көгілдір фишкаларды қайдан көруге болады?
Дәстүр бойынша, ұлттық және әлемдік биржалар көбінесе өздерінің арнайы индекстеріне көгілдір фишкаларды қосады, оған тек инвесторлардың жоғары сеніміне кірген таңдаулы компаниялар кіреді. Бірақ бұл тізім тұрақты емес, кейбір компаниялар индекстен шығып қалуы, кейбіреулері оған кіруі мүмкін.

Танымал индекстердің ішінде, мысалы, Доу Джонстың (Dow Jones Industrial Average немесе DJI) өнеркәсіптік индексін атауға болады. Бүгінгі күні оған АҚШ-тың ең көп капиталы бар 30-ға жуық компаниясы, оның ішінде Coca-Cola, Apple, Boeing, Microsoft, Nike, Visa, Walt Disney және басқалары кіреді.

Ал Еуропада ірі компаниялары бар осындай индекс болып EURO STOXX 50 компаниясы саналады. Оған Еуроаймақтан 50 компания кіреді, оның ішінде Total, Volkswagen, Telefonica, Siemens және басқалары. Ұлыбританияда осындай индекстің аналогы деп FTSE 100-ді атауға болады, оған, мысалы, British American Tobacco, Burberry, Vodafone сияқты компаниялар кіреді. Жапонияда инвесторлар Honda, Sony, Panasonic, Toyota, Nissan және басқалары сияқты компаниялардың бағалы қағаздарынан тұратын Nikkei 225 индексіне сенім білдіреді.

Қазақстанда ең өтімді акциялардың тізімін Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтынан көруге болады. Көгілдір фишкалар – бұл KASE өкілдік тізіміне кіретін қазақстандық ірі эмитент-компаниялардың акциялары. Қазіргі уақытта оған қызметі экономиканың негізгі секторларына жататын: Банк ЦентрКредит, Халық Банк, KCell, KEGOK, Kaspi.kz, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, Қазақтелеком, ҚазТрансОйл сияқты 8 эмитенттің қағаздары кіреді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Биыл мектеп оқушылары қорытынды емтихандарды қашан тапсырады?

01.06.2023

Самұрық-Қазына жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына қаражат бөліп отырады

13.04.2023

Жамбыл ауданында 13 мыңнан астам адам кәсіпкерлікке бет бұрған

31.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа