No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Желілік маркетингтің сіз білмейтін шындығы» кітабы не туралы?

12.12.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Олжас Көпжасар – 10 сыныптан бері желілік маркетингпен айналысатын азамат. Жұрт құсап жоғары оқу орнын оқып, диплом да алмаған. Дипломы жоқ миллионер «сетевиктің» «Желілік маркетингтің сіз білмейтін шындығы» кітабының басты ойларын оқырман назарына ұсынамыз.

Бұл кәсіппен еркек айналыса ала ма?

Желілік маркетинг әйелдер айналысатын бизнес десеңіз, қателесесіз. Себебі «сеть» саласы жыныс талғамайды. Олжас тіпті еркекке керек еркіндікті желілік маркетинг сыйлай алады дейді.

Кітаптан үзінді:

«Бұл кәсіпте ерлерге еркіндік көп. Сырттағы іс-сапарлар, келіссөз жүргізу барлығы өз ыңғайына келетін уақытқа бекітіледі. Әйел адамда үйден шыға алмау, кейде күйеуінің қарсылығы, декреттік демалыс дегендей болады. Ал ер адамның еркі өзінде болғандықтан, жұмысқа еш кедергі жоқ. Желілік маркетингте жігіттер, ерлер өте көп».

«Сетевикпін» деп айтуға ұялатынмын

Желілік маркетингте бастық жоқ. Таңнан кешке шейін кеңседе отырып жұмыс істеу керек деген ұғым да қалыптаспаған. Мұндай еркіндікте жұмыс істеу – әркімнің-ақ арманы. Бірақ сол арманға қол жеткізсе де арманын орындаушысын айтудан ұялатындар бар. Олжас Көпжасар солардың қатарында болғанын мойындайды. «Өзімді «сетевикпін» деп айтудан ұялатынмын» деп ашық жазады автор.

Адам қай кезде «сетевикпін» деп айтудан ұялады?

Олжас Көпжасардың айтуынша, оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, бұл салаға деген сенімі жоқ. Ресми желінің адамы болғанымен жан-дүниесімен мұны әлі қабылдаған жоқ. Бұдан екінші себеп туындайды. Ол желінің көмегімен әлі қомақты ақша тапқан жоқ. Демек игілігін көрген емес. Өз жұмысынан ақша не атақ-абырой таппаған адам, әлбетте, тірлігінен ұялады.

Харам ба, халал ма?

Желілік маркетингпен айналысқысы келген адам өнімнің құрамына назар аударғаны абзал. Өйткені жұмыс жүйесі харам болмағанымен, өнімде кінәрат болуы мүмкін ғой. Өнім құрамының таза екенін көз жеткізсеңіз, жұмысқа кірісуге болады. Екінші кезекте компанияның мақсатын, маркетингтік жоспарын сүзгіден өткізу шарт. Еңбекақының, сыйақы мөлшерінің қалай есептелетінін жақсылап түсініп алыңыз. Сол кезде жүйенің харам не халал екенін өзіңіз бағамдай аласыз. Әйтпесе «көршім айтты», «әпкем сіздерге тіркелді» деп асығыс танытудың қажеті жоқ.

Желілік маркетингте жалқауларға орын жоқ. Бастықтың, нақты кеңсенің болмауы адамнан ішкі дисциплинаны қажет етеді. Былайша еңбекқорсыз, бірақ өзіңізді басқаратын пәрменде болмасаңыз, тез құлдырайсыз. Басында ақша тапқанмен ары қарай жағдай қиындай түседі. Желілік маркетингке тіркеліп, артымнан адам алып келсем, баиймын десеңіз, ойыңыз түзу емес. Бұлай ақшаға кенелудің артында күмәнді жүйе тұрғаны түсінікті ғой. Кім 5 адамды ертіп келгені үшін 500 доллар бере салады? Шешім қабылдағанда автор анализ жасауға, зерттеуге уақыт жұмсауға кеңес береді.

Сетевиктердің 80%-ы неге табыс таппайды?

Мұның 6 себебін Олжас Көпжасар тізіп беріпті:

1 себеп – компанияны зерттемегендіктен дұрыс танымайды.

2 себеп – дамуға көңіл бөлмейді. Мына әлемнің қас-қағым сәтте өзгеріске ұшырап жатқанын есепке алмайды. Әлеммен қатар өзі де жаңа білім алып, өзгеріске ұшырауы керегін мойындамайды.

3 себеп – мінезі ауыр, қырсықтық басым. Еңбек еткеннен ұялудың қажеті жоқ.

4 себеп – армандаудан қорқады.

5 себеп – біреудің пікіріне тәуелді.

6 себеп – cпонсорға/жетекшіге сенбейді.

Даяршыдан дәулетті рге дейін

Олжас Көпжасар былай деп жазады:

«Еркек деген атым бола тұра қызыма 5000 теңгеге тазик алып бере алмасам не үшін жүрмін? Ертеңгі күні өмірге келетін балаларымның жағдайын жасай алмайтын әке болсам, менің еркектік намысым қайда?» деген ойлар миымды тесіп, ішімде от тұтанды. Содан келіншегіме, өзіме «менің балаларым ешқашан таршылық көрмей өседі» деген уәде бердім.

Жұмыс істеу, іздені, даму, жетістікке жету – ақылды адамның әрекеті. Отбасың, жақындарыңның жағдайын ойлап жүріп, таңнан бастап Алланың ризығынан үміт етіп тірлік жасау – нағыз адамның көрінісі. Жұмыс жасаудан жалықпаңыз! Кәсіптің қай түрін таңдасаңыз да еңбекқорлық қасиетіңіз жоғалмасын.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

@Dauletten: «Бизнес бастау үшін сүйіспеншілік керек»

15.02.2023

Jusan Bank кәсіпкерлер арасында микроавтобус ойнатуда

22.11.2022

Сүт өнімдерін экспорттау: мемлекетаралық стандарт дайындау жоспарлануда

31.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа