No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2023 жылы бюджет түсімі 17,8 трлн теңгені құрайтын болады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «АМАNАТ» фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру аясында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңның жобасы жайлы баяндады.

18.10.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Е. Жамаубаев Заң жобасы елдің 2027 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленгенін хабарлады.

2023 жылға арналған түсімдер осы жылдың жоспарына қарағанда 2 трлн теңгеге ұлғайып, 17,8 трлн теңгені құрайды.

Вице-премьер республикалық бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің үлесі біртіндеп азайып келе жатқанын айтты. Келесі жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт осы жылмен салыстырғанда 1,8 есеге азайып, 2,2 трлн теңге мөлшерінде тартылады.

Келесі жылы нысаналы трансферт 1,0 трлн теңге мөлшерінде айқындалып отыр.

Мұнай емес түсімдердің үлесі 2022 жылғы 59,8%-дан 2025 жылға қарай 78,2%-ға дейін өсумен көзделген.

Вице-премьер мұнай емес сектордан түсетін кірістердің ұлғаюы біртіндеп экономика диверсификациясының жақсаруымен және меншік табыс көзінің нығаюымен байланысты екенін жеткізді.

Бюджет тапшылығы биылғы Жалпы ішкі өнімге 3,3%-дан 2025 жылы 2,5%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендеумен жоспарланып отыр.

Е. Жамаубаев шығыстар осы жылдың жоспарына қарағанда 2,2 трлн теңгеге ұлғайып, келер жылы 21 трлн теңгеге немесе Жалпы ішкі өнімге 17,4%-ға жоспарланғанын айтты.

Бұл ретте бұрынғыдай бюджет шығыстарының басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі болып отыр. Жалпы сипаттағы трансферттерді ескерсек, оған осы жылдың жоспарына 2 трлн теңгеге ұлғая отырып, келесі жылы 10,6 трлн теңге көзделген.

2023 жылға экономиканың нақты секторын қолдауға арналған бюджет шығыстары 2,5 трлн теңге сомасында жоспарланған. Оның ішінде:

1. өңдеу өнеркәсібін дамытуға;

2. өңірлерде жалғасатын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға;

3. кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға;

4. көлік және газ тасымалдау жүйесін дамытуға басымдық беріліп отыр.

Вицер-премьер «AMANAT» фракциясымен ауқымды жұмыс жүргізіліп, оның ішінде өңірлердің қажеттіліктері егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.

Жалпы, талқылау барысында Заң жобасы мақұлданып, Мәжілістің келесі жалпы отырысына шығарылатын болады.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Жаңадан бизнес бастаған кәсіпкерлердің ең көп жіберетін қателері

06.12.2022

Бизнесті дамыту үшін инвестиция тартудың 4 жолы

02.11.2022

Қазақстан үкіметі экономикаға 300 мың доллар инвестиция құйған шетелдіктерге 10 жылдық виза бермек

25.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа