No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

720 адамға 610 млн. теңге мүлік салығы есептелді

Меншігінде қымбат үйі бар азаматтардың басым бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

18.11.2022
Жаңалықтар, Салық
3
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына сәйкес фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді.

Салық реформасы шеңберінде «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Ол қымбат жылжымайтын мүлік объектілерін, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді.

Бұл мәселе әлемдік тәжірибені ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі жанындағы салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде қарастырылатын болады.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша осы салықты есептеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ айқындайтын құнға байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген. Сол сияқты, көлік құралдары салығы бойынша қозғалтқыштың көлеміне байланысты салық мөлшерлемелерінің прогрессивті шкаласы белгіленген.

Мәселен, 2021 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасы 3,8 млн. салық төлеушіден 15,3 млрд. теңгені құрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ұсынған бағалау құнына сәйкес салық төлеушілердің негізгі саны — 3,0 млн.адам немесе 78,4% құны 4 млн. теңгеге дейінгі мүліктің иелері болып табылады.

Сонымен бірге, бағалау құны жоғары салық салу объектілері бар. Мәселен, құны 100 млн. теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адамды құрады, оларға жалпы алғанда 610 млн.теңге мүлік салығы есептелді. Мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада – 649 адам немесе 90,1% тұрады.

Бұл ретте, негізінен жылжымайтын мүліктің бағалау құны мен нарықтық құны әр түрлі болатындығын ескеру қажет.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алаяқтарға алданып қалмаудың жолдары қандай? Ұлттық банк жауап берді

14.09.2022

Алакөлдік 210 адам кәсіп бастауға қаржы алды

03.08.2022

Мерзімі өткен берешекті өтеудің бірыңғай тәртібі қандай?

16.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа