No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алаяқтарға сеніп, ақшадан қалай айырылып қалуға болады?

29.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандық банктердің клиенттері қалайша қаржы алаяқтарының құрбан дарына айналады?  «Қазақстан  Халық банкі» АҚ сарапшысы Қанат Елшібековпен тікелей эфир барысында қаржылық қызметтерді тұтынушылар жиі түсіп жататын алаяқтық схемалар туралы білді.

Бірінші с хема – «қарсы» кредиттер, «қауіпсіз» шоттар және «ұяшықтар»

Ықтимал құрбанның мобильдік нөміріне банктің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, полиция немесе прокуратура «қызметкерінің» атынан қоңырау түседі. Қоңырау шалушы сіздің атыңызға кредит алып  үлгерген алаяқтардың әрекеттері туралы хабарлайды. Оның күшін жою үшін сізге дереу «қарсы» кредит ресімдеу қажет. Ол үшін банк бөлімшесіне бару немесе дұрысы банктің мобильдік қосымшасына кіріп, жаңа кредит ресімдеп, барлық ақшаны (кредиттік және меншікті қаражатты) өз шоттарыңыздан, соның ішінде депозитте сақталған ақшаны «қауіпсіз» шотқа немесе «сақтандыру ұяшығына» аударуыңыз керек-мыс. Мұндай терминдерді тек алаяқтар  қолданады!

Қаскүнемдер көп жағдайда құрбандардан олардың түрлі банктерде шоттарының және ақша қаражаты қалдықтарының бар-жоғы жөнінде сұрайды, сондай-ақ олар банк клиентінің өзіне ресімдей алатын кредиттің ең жоғары мөлшерін білу үшін оның ай сайынғы кірісінің мөлшерін нақтылайды.

Азаматтар өз еркімен ақша аударғаннан кейін оны қайтару мүмкін емес, себебі қылмыскерлер қаражатты дереу басқа банк карталарына аударады, содан кейін ақшаны банкоматтар арқылы шешіп алады немесе криптовалютаға айырбастайды.

Әңгіме барысында алаяқтар үнемі әңгімелесушілерді тез шешім қабылдамасаңыз кеш болады деп асықтырып, ақшаңызды жоғалтып алу қауіпі бар деп қорқытады. Олардың басты мақсаты – адамдарды дүрбелеңге салу.

Алаяқтар алдау әрекеттерін телефон қоңырауларынан бастап, ықтимал құрбандарды WhatsApp немесе Telegram желілері арқылы хат алмасумен  алдауды жалғастырады. Қаскүнемдер банкте немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіндерін дәлелдейтін жалған құжаттарды және «ақшаны үнемдеу туралы» нұсқаулықтарды жібереді. Олар әртүрлі алаяқтық қосымшаларды: Any Desk, TeamViewer және оларға ұқсас қосымшаларды жүктеуді сұрайды, олардың көмегімен банктік қосымша орнатылған басқа біреудің ұялы телефонына қашықтан қосыла алады және карта иесінің қатысуынсыз және келісімінсіз ақша қаражатын ұрлауы мүмкін.

Байланысты Материалдар

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаржы пирамидасын қалай тануға болады ?

18.08.2022

Қазақстанда пластмассадан және резеңкеден жасалған бұйымдар өндірісі артты

16.01.2023

Қазақстанда сары май өндірісі төмендеді

22.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • (без названия)
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды
  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа