No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлихан Смайылов Алматы облысындағы ірі өндіріс орындарын аралады

13.01.2023
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматы облысына жасаған жұмыс сапары кезінде 2022 жылы іске қосылған және жылына 15 мыңға дейін өнім шығаратын «Nauryz Agro KZ» ЖШС бройлерлік құс фабрикасының жұмысымен танысты.

Барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келетін кәсіпорынның өз инкубаторы бар және қазіргі уақытта ет өңдеу цехының құрылысы жүріп жатыр.

Әлихан Смайылов құс фабрикасының өңір экономикасы үшін ғана емес, ішкі нарықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін де маңызды зор екенін айтты.

«Азық-түлік қауіпсіздігі – бүгінгі күннің басты сын-қатерлерінің бірі. Облыс әкімдігі өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін осындай жобаларға қолдау көрсетуі қажет», — деді Премьер-Министр.

 

Сонымен қатар Үкімет басшысы тез дайындалатын тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС кәсіпорнына барды.

Өз өнімдерін ішкі нарыққа да, жақын шет елдерге де сатып отырған зауытта 850 адам жұмыс істейді. Өткен жылы мұнда алкогольсіз сусындардың жаңа желісі іске қосылды. Өндіріс қуатты жылына 78 млн бөтелкені (лимонадтар және т.б.) құрады. Қосымша 90 жұмыс орны құрылды.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл заманауи зауыт – шетелдік инвестицияның қатысуымен іске асып жатқан табысты жобаның нақты көрінісі.

 

«Бүгінгі таңда өнімнің 70%-дан астамы экспортқа жіберіледі, бұл өңірдегі тамақ өнеркәсібін дамыту әлеуеті қаншалықты жоғары екенін көрсетеді. Осыған байланысты жергілікті билік жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және оларды кеңейту мәселелері бойынша жәрдемдесуі қажет», — деді Премьер-Министр.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Бизнес бастауға идея келгенде не істеу керек?

21.10.2022

Таратылған 9 банк салымшылары ақшасын ала алды ма?

27.08.2022

Бизнеске kpi зауытының айналасында қайта өңдеу өндірісін дамыту бағдарламасы қажет

19.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа