No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«EMS-Kazpost» жайлы не білесіз?

"EMS Kazpost"-түрлі тауарлар мен өнімдерді, хат-хабарлар мен құжаттарды жеткізудің отандық нарығында 10 жылға жуық уақыт бойы курьерлік қызмет көрсетеді.

21.12.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2013 жылдың 1 наурызында «Қазпошта» АҚ жанынан жеке құрылымдық бөлім ретінде іске қосылған бұл бағыт бүгінде тұрғындар тарапынан зор сұранысқа ие.

 

«EMS-Kazpost» қызметінің өкілдері жүк пен құжаттарды Қазақстанның кез келген елді мекеніне, жақын және алыс шетелдерге делдалсыз-ақ жеткізіп береді. Бастысы, сақтандыру мен кепілдік береді. Яғни, аталмыш мекеменің қызметіне иек артқан тұтынушылардың тауардың жеткізілуіне қатысты алаңдауына еш негіз жоқ. Жөнелтілім діттеген жерге қаз-қалпында әрі неғұрлым аз уақыт аралығында жетеді.

 

Жылдамдық демекші, EMS (ЕxpressMailService) қызметі — халықаралық EMS кооперативі аясында іске асатын, әлемнің 175 мемлекетіндегі ұлттық пошта қызметі арқылы корреспонденциялар мен жөнелтілімдерді экспресс-жеткізу сервисі. Демек, «EMS-Kazpost» осы 175 шетелдің барлығына бірдей тауарларды, хат-хабарларды жеткізіп, олардан қабылдап алуға қауқарлы. Сол арқылы айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға мүмкіндік беріп отыр. Жергілікті қызмет халықаралық EMS талаптары мен ережелерін қатаң сақтайтынын атап өткен жөн.

 

Курьерлік қызмет күнделікті жұмыспен тоқтап қалмақ емес. Жүйелі түрде тұтынушыларға ыңғайлы әрі оңай сервистерді ойластырып, жұмысты жетілдіріп келеді. Айталық, өнімдер желісін оңтайландыру мақсатында өткен жылдан бастап жылдам және курьерлік пошта қызметінің жаңа жобалары іске қосылды. Олар — «Gopostexpress», «Gopoststandard» пен «Gopostcity».

 

Бұл бағыттағы жобаның мақсаты – EMS қызметінің сапасын арттыру, жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу және жеткізу уақытын айтарлықтай қысқарту. Сол арқылы курьерді шақыру мен маршруттарды сұрыптау жұмысын автоматты түрде жоспарлауға да болады.

 

Ал «Go Post» мобильді қосымшасының іске қосылуы қызметті одан әрі тиімді ете түсті. Оның көмегімен EMS-жөнелтілімдерді қабылдау мен жеткізудің технологиялық процессі автоматтандырылды. Нәтижесінде байланыс орталығынан, www.post.kz сайтынан курьерді шақыруға өтініштер бірден филиалдардың диспетчерлеріне түсіп отырады. Сол сияқты түскен өтініштерді бақылауға, жөнелтілімдерді жеке әрі заңды тұлғалардан қиындықсыз қабылдауға және беруге, жеткізу мәртебесін көруге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, төлемді банк картасы арқылы қабылдауға, операциялық күнді, яғни кассаны автоматты түрде ашуға, шарт бойынша төлемді кіріске жазуға жағдай жасалып, осы бағыттағы жұмыстар біршама жеңілдеп, жүйеленді.

 

Тізе берсек, «EMS-Kazpost» курьерлік қызметінің жөнелтілімдерді жеткізу бағытында атқарып жатқан жұмысы көп. Олардың әрқайсысы клиент пен қызметкерлердің қолайлылығы үшін жасалған. Аталған жұмыстардың нәтижелі екенін тұрғындардың 10 жылға жуық уақыт бойы дәл осы қызметке сенім артып келе жатқаны дәлел болса керек.

 

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Банк өкілдері кәсіпкерлерге несие алудың қыр-сырын үйретті

16.03.2023

Әкімнің орынбасары 2 жылға сотталды

04.03.2023

Несиесін төлей алмаған адам өзін банкрот деп қалай жариялайды?

23.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа