No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 1200 орынды мектепте 5 мың оқушы білім алуға мәжбүр

03.12.2022
Жаңалықтар, Айна
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысы Кемертоған ауылында 1200 оқушыға арналған мектепте 5 мыңға жуық бала білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды кazbusiness.kz сайты Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, балалар 4 ауысыммен оқиды. Бала саны мөлшерден көп болған соң бір сабақ 35 минутқа қысқарған. Базынасын айтып бас көтерген бұқара бүгін ауыл әкіміне бар мәселесін ақтарып салды.

«Қазақстан бойынша бізде ғана 35 минуттан оқитын мектеп бар. Балалар түннің бір уағында келеді, обал болды», – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Сәбит Бекасылов.

Тұрғындар орын жетпейді деп шағым айтқан ауылдағы жалғыз мектеп 1200 оқушы білім алуы тиіс. Бірақ қазір білім ордасында 4331 оқушы оқиды. Оларды тасуға небәрі 7 автобус қана бөлініпті.

«Мектептегі жағдай қиын. Қыздарды биыл бірінші сыныпқа жібердік. Таңғы сағат 18:00-да  дайындаламыз мектепке, кешкі сағат 20:00- ге дейін балаларды күтіп отырамыз.  10 мың теңгеден  ай сайын береміз. Автобусқа балалар сыймайды», – деді Кемертоған ауылының тұрғыны Жаңылай Әріпбаева.

Ауылдағы жалғыз мектеп 2017 жылы салынған. Бүгінде 267 педагог үш ауысымға бөлініп, сабақ береді. Білім ордасының басшысының айтуынша, әр пәнді 40 минуттан өтеді.

«Кемертоған, Асыл арман, МТФ елдімекені, Байтөбе ауылынан 1887 оқушыны 7 автобуспен үш мезгіл тасып отыр. Иә орын саны жетіспейді. Өйткені түске дейін 1200 жүз оқушы, түстен кейін 1200, барлығы 2400 оқушыға ғимарат салынған. Ал қазіргі таңда 4331 оқушы оқып жатыр. Қарасай аудандық білім бөлімі біледі. Алматы облыстық білім басқармасы да біледі», – деді Кемертоған орта мектебінің директоры Дархан Нақысбеков.

Алпыс мың халқы бар Іргелі ауылдық округіне тағы мектеп салуы үшін қажетті құжаттар тапсырылды. Тек ол мәселе биыл шешілмейтіні анық. Жоспар бойынша мектеп құрылыс 2023 жылы басталуы тиіс.

«Кемертоған ауылында бір ғана мектеп, ол рас. Бізде онда төрт мың бес жүз бала оқиды.  Мүмкін төрт ауысым болған шығар. Жайлы мектеп бағдарламасына осы Кемертоған ауылының мектебінің үш ауысымын шешу үшін, кіргізді. Сондықтан солтүстік жағында Кемертоған ауылында үш гектар жер телімі мемлекет меншігіне алынды», – деді Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақов.

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Нарық активтері соңғы үш жылда 1,7 трлн теңгені құрады

03.09.2022

«Ақнар»: айына 700 литр түйе сүті өндіретін кәсіпкер туралы не білеміз?

05.01.2023

Әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын тұрақтандыру: Ұлттық палата ұсынысы қандай?

17.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа