No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында бизнес-идеяны іске асыруға 5 млн теңге грант бөлінеді

27.10.2022
Жаңалықтар
343
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

«Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы» ММ-сі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру Қағидаларының 2 қосымшасына сәйкес, өтеусіз негізде экономиканың басым секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде, ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге, мемлекеттік гранттар тағайындайды. Грант сомасы 5 млн. теңгегені құрайды.

 

 

Конкурс ашық түрде өткізіледі. Жалпы бөлінген бюджет – 96 млн теңге.

 

Конкурсқа қатысу «Электрондық Үкімет» веб порталы арқылы «Qoldau.kz» ақпараттық жүйесінде электрондық нұсқада тапсырыс беру керек.

 

Қатысушылар 2022 жылғы 21 қарашадан бастап, 25 қарашаны қоса алғанда құжатын тапсыру қажет.

 

Аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға жатпайды.

 

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша тапсырысты және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нұсқада ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын электрондық тапсырыстар (https://www.qoldau.kz) сілтемесі бойынша беріледі.

 

Құжаттарды электрондық нұсқада қабылдау онлайн қызметтерін дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жолымен адами жайттардың әсерін барынша төмендету, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін барынша автоматтандыру және оларды электрондық түрде көрсету, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Кәсіпкердің «Qoldau.kz» веб-порталы арқылы

 

электрондық өтініш беру тәртібі

 

«Qoldau.kz» веб-порталының жеке кабинетінде тіркелу үшін пайдаланушылар келесі мәліметтерді көрсетеді:

 

1) жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлер) үшін – ЖСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

 

2) заңды тұлғалар (ЖШС) үшін – БСН, толық атауы; тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) және бірінші басшының ЖСН;

 

3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

 

4) ЖК/ЖШС екінші деңгейлі банктегі банк шотының деректемелері.

 

Жоғарыда аталған деректер өзгерген жағдайда, пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетіне енгізілген дербес шотының деректерін өзертеді.

 

«Qoldau.kz» веб-порталына тіркелгеннен кейін кәсіпкер PDF нысанында құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін өтінішке қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді:

 

1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) расталған өтініш беру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

 

2) ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын, құжат (бар болған жағдайда);

 

3) берілетін мемлекеттік грант көлемінен кемінде 10% мөлшерінде бизнес- жобаны іске асыруға жұмсалған шығындарды бірлесіп қаржыландыруының (ақша қаражаттарымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) барын растайтын құжат, кәсіпкердің дербес шотында ақша қаражаттарының немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттарының (халықтың әлеуметтік-осал топтарын, оның ішінде, 3 топ мүгедектерін қоспағанда) бары туралы банк шотынан үзінді;

 

4) өтініш берушінің халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын мәртебесінің барын растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда);

 

5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асырғаны туралы мәліметтерімен қоса жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда).

 

Өтініш, оған кәсіпкер электронды цифрлық қолымен қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және ол өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

 

Егер, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінішті қабылдаған сәтке дейін, тіркелген өтініште қателердің бары анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінішті қайтарып алуға құқылы.

 

Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтініш беруге ғана құқылы.

 

Өтініштер конкурс өткізу туралы хабарландыруда аталған мерзімдерде қабылданады.

 

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкер өтінішті тіркеген сәттен бастап, тиісті хабарламаның электронды цифрлық қолын пайдалана отырып, қол қою жолымен оны қабылдағанын растайды. Аталған хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

 

Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан мұнай өндіруді 4,7%-ға қысқартады

04.04.2023

ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

01.08.2022
фото: ашық дереккөз

Францияда екі қазақ фильмі прокатқа шықпақ

07.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа