No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкері Дубайға 3.5 тонна бал өнімін өткізді

02.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness, Дара кәсіпкер
22
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Райымбек ауданының тұрғыны Манасбек Сарыбаев – омарташы шаруашылығын ұрпақтан ұрпаққа дамытып, игілігін көріп отырған жан қатарынан. Бал кәсібін отбасылық кәсіпке айналдырғандарына 50 жылдан асты, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Омарташылық – Манасбек үшін атадан қалған мұрағат. Оның әкесі, Сарыбаев Сүгірбай, бұл кәсіпті 1971 жылы қолға алған. Өзінің баласы да отбасылық кәсіпті жалғастырмақ. Бос уақытында барынша көмектесіп, әкесінен тәжірибе жинауда.

“Әкем еліміз бойынша алғашқылар болып омарташылықпен айналысқан. 1971-1972 жылдары Қазақстанда бұл кәсіп енді өркендеп бастаған еді”, – дейді ол.

Шаруашылық Райымбек ауданына қарасты Қостөбе ауылында орналасқан. Ал өндіріс Түркістан облысында. Екі өңірде жұмыспен 10 адамды қамтып отыр.

Омарташының айтуынша, шамамен 150-дей ара бар. Жылына 6-7 тонна көлемінде бал өнімдерін өндіреді. Кәсіпкер Түркістан облысында 4 жыл қатарынан арамен емдеу саласында да жұмыстар атқарған екен. Апитерапия бойынша өндіріс ашып, қазіргі уақытта онда 12 түрлі емдік өнім шығарылады.

“Минералды, витаминге бай бал өнімдерімен 3 санаторийді қамтимыз. Онда балмен 7 түрлі емдеу процедуралары жасалады. Сонымен қатар, 2021 жылы Дубайға 3.5 тонна мөлшерінде бал өнімдерін өткізген болатынмын. Содан бері өнімдерім тұрақты негізде сұраныста. Ал Ресейге 10 мың флакон бал нектарын экспорттадық”, – дейді кәсіпкер.

Жыл сайын шаруашылығын дамытып отырған омарташы қазіргі таңда Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы көмегімен қысқа мерзімді кәсіп үйрету орталығын ашу алдында. Сонымен қатар, “Мен кәсіпкер” бағдарламасы бойынша ментор ретінде омарта ісіне 4-күндік оқытуға өтінім берген.

Омарташы 2007 жылы Қазақстанда «Омарта шаруашылығын дамыту және қолдау» қорын ашып, Алматы облысындағы бірнеше мектепте 5 жыл бойы тәжірибе де жүргізген екен. Алдымен табиғи балдың пайдасы мен шипасы жайында тренинг-дәрістер өткізіп, сосын әр оқушыға күн сайын мөлшерлеп бал жеуге кеңес берген. Соңында бұл тәжірибе жақсы нәтиже берген болатын.  Омарташының айтуынша, бал баланың ақыл-ой қабілетін арттырады. Тәжірибеге қатысқан оқушылар да бұл сөздерді растады.

Кәсіпкер тіпті халықаралық «Апимондия» омарташылар қауымдастығының 2010 жылдан бері мүшесі болып табылады.

“Қазақстанда омарташылықты дамытуды қолға алсақ, 7-8 дәрмек түрін сырттан әкелмей, өзіміз өндірер едік. Сондай-ақ, Райымбек ауданында апитерапиямен емдеу орталықтарын ашатын болсақ, туризм саласына да әсері болар еді”, – деп болашаққа сенімін білдірді омарташы.

 

Байланысты Материалдар

Қор нарығы 2025 жылғы 3 шілде: Dow RITS;Мықты жұмыс орындарының лифтілері базарлары – WSJ

05.07.2025

Ашибай Робиндіктердің «ашық шоспен» – Техниканы айыптайды

04.07.2025

Маусымдық көшелер күткендей, қор фьючерстері аз өзгерді

04.07.2025

U.s. Lifts чиптік бағдарламалық жасақтаманы Condow Trade Tuck – CNBC

04.07.2025

Tesla-дың сатылымдағы құлдырауы EV салығы бойынша болашаққа кіреді, өйткені Вашингтон Посты

04.07.2025

Джером Пауэлл: Трамп АҚШ-тың Орталық банкіне бірден кетуге шақырады – BBC

04.07.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары пайда болды

03.07.2023

Алматы облысында лимузин иелері мемлекетке бірнеше миллион қарыз

27.06.2022

Тоқаев Қытай кәсіпкерлерін Қазақстанда қант өндірісін дамытуға шақырды

18.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа