No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны 1990 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай келеді

03.12.2022
Жаңалықтар, Айна
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

51 жастағы Фириде Гусеинова Арменияның Нювади ауылында дүниеге келіп, кейіннен отбасымен Әзербайжанның Баку қаласына депортацияланады. 1990 жылы Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып, Береке ауылына көшіп келген. Осылайша оның азаматтық ала алмай келе жатқанына 32 жыл болды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Береке ауылында өніп-өсіп, 4 баланы дүниеге әкеліпті. 2006 жылы жұбайы жол апатында көз жұмып, жесір қалады. Осы кезден бері әйел азаматтық алуға әрекеттене бастапты.

«Сол кезде миграция қызметі маған «Азаматтығы жоқ адамдарға арналған куәлік» шығарып беріп, енді Қазақстан азаматтығын 5 жылдан кейін аласыз деп қайтарды. 5 жылдан кейін учаскелік миграцияға бардым. Айтқан құжаттарын жинап беріп, жарты жыл күттім. Сөйтіп олар мені шақырып, қағаздарыңызда бір қате бар деп қабылдамай қойды. Одан кейін де қайта-қайта бардық», – деді  Береке ауылының тұрғыны Фириде Гусеинова.

Құжаттарын тексеріп отырып, туу туралы куәлігінде әкесінің аты-жөні «Ибраһимгызы» деп берілсе, ал неке қию туралы куәлікте «Ибрагим-гзы», яғни «гызы» сөзіндегі бір «ы» әріпі түсіп қалғанын байқадық.

Азаматтық туралы куәліктің де берілмей жатқаны болуы керек. Соның кесірінен кейіпкеріміз медициналық көмек ала алмай жүр.

«Аты жаман аурумен үшінші жыл болды күресіп келемін. Шамам жеткенше ақылы ем қабылдап келдім. Енді әрі қарай емделуге жағдайым жетпейді. Ешқандай емхана, аурухана қабылдамайды. Қайда барсам да азаматтығың жоқ дейді», – деді Береке ауылының тұрғыны Фириде Гусеинова.

Амалы таусылған ана құзырлы органдар мен мемлекеттік мекемелерден көмек сұрайды. Бар арманы төлқұжат алып, дертінен айығу. Ал жағдайдан бейхабармыз деген әкімдік өкілдері өз тарапынан тиісті шараларды атқаратын болды.

«Әкімшіліктің тарапынан қолдан келгенше әкіммен бірігіп көмек көрсетеміз. Егер нотариуске немесе заңгерге жүгінуге болатын болса, онда оған да үлесімізді қосып, жәрдем көрсетеміз», – деді Елтай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Азамат Жиенбаев.

Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл шаруа аудан не облыс деңгейінде бітпейді. Мәселені толық шешу үшін әйелдің туған жерінен қажетті құжаттарды алдыртуға тура келуі мүмкін. Жағдайға аудандық көші-қон қызметі де араласып, назарына алды.

«Азаматтың өтінішін біз өз назарымызға аламыз. Құжаттарының көбі бір-біріне сәйкес келмейді. Сондықтан қандай ағаттық кеткенін зерттейміз. Ол үшін тұрғынның өзімен алдағы сейсенбі күні кездесу белгіледік», – деді Алматы облысы Қарасай АПБ көші-қон қызметінің бөлім инспекторы Бауыржан Сопақов.

Құзырлы мекемелердің қателікті табуына қанша уақыт кетіретіні белгісіз. Ал емделуге қаражаты таусылған Фириде Ибрагимоваға ел азаматтығын алу бұйыра ма, жоқ па оны да уақыт көрсетеді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жетісулық тұтынушылар қорына 5 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды

17.01.2023

Қазақстан экономикасының өсімі 4,3%-ды құрады

15.03.2023

Алматыда сапасыз үй салғаны үшін әкімдік құрылыс компаниясын сотқа берді

08.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа