No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Аmazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безостың ұстанымдары қандай?

02.12.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Джефф Безостың бүкіл әлемге әйгілі Аmazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы және сол компанияның иесі екенін білеміз. Сондай-ақ Blue Origin аэроғарыштық корпорацияның, The Washington Post баспа үйінің иесі. Джефф Безос 2018 жылдың қараша айында 100,3 млрд доллар иеленген әлемдегі ең бай адам атанды. Кәсіпкердің бойында жақсы қасиеттер өте көп. Ендеше, kazbusiness.kz Джефф Безостың өмірдің түрлі салаларына арналған 10 қағидасын ұсынады. 

Бизнес туралы

Бизнесте  көп қойылатын сұрақтың бірі: «неге?». Бұл әрине жақсы сұрақ, бірақ әлдеқайда дұрысырағы: «неге болмасқа?».

Болашақ туралы

Біз болашаққа сай болуымыз керек. Сенің айнаңдағы әлем өзгергенде, бүкіл әлем саған қарсы шыққанда не істеу керектігіңізді түсінуіңіз керек. Сіз тек шағымдану арқылы қиындықтан шыға алмайсыз.

Кітаптар туралы

Кітаптарды қызықты ету үшін оған видеолар мен анимацияларды қосудың керегі жоқ. Олай етсеңіз, білім алуды емес, алаңдауды үйренесіз.

Тұтыну туралы

Тұтынушылық — шын мәнінде адам өмірін жақсартпайтын заттарды сатып алуға итермелейді. Әсіресе, банкке бара жатып «саяхаттап келу үшін несие алыңыз» деген жарнаманы көрсем қатты ренжимін. Бұл зұлымдықпен тең.

Сын туралы

Егер сіз өмірде сәтті дүние жасайтын болсаңыз, сізге міндетті түрде сын артылады. Егер сынды көтере алмасаңыз, ештеме жасамағаныңыз жөн.

Инновация туралы

Менің ойымша, инновация үшін жаман кезең жоқ. Алайда, сізге оны жасау үшін қолайлы уақыт керек.

Интернет туралы

Бүгінгі интернет — Херлидің 1908 жылғы кір жуғыш машинасының деңгейінде. Бұл біздің қазіргі жағдайымыз. Біз 1908 жылдамыз.

Сөз бостандығы туралы

Біздің мәдени жағдайымыз адамдарға жағымсыз сөздерді айтуға рұқсат береді. Оның бізге ұнауы шарт емес. Біз оларды кешкі асқа шақырмасақ та болады. Бірақ оларға мұны айтуға рұқсат беруіміз керек.

Ғарышты игеру туралы

Ұлы индустия ешқашан жеке компания болып құрылған жоқ. Ал ғарышта жеңімпаздар үшін орын жетеді.

Пайда туралы

Сіз есепті 15 түрлі тәсілмен жүргізуіңіз мүмкін, бірақ әр санаған сайын бағаны түсірмеуіңіз керек. Себебі аз ақша алуыңыз ғажап емес. Бұл осы тоқсанның да, осы жылдың да есебі бойынша солай. Бірақ алдағы 10 жылдықта олай бола қоймас. Табыстың сатылым жиілігін өсіргенде — сатылым бөлігін клиенттер сізден емес, басқалардан алады.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Астанада LRT бағанасына соқтығысқан жүргізуші тіл тартпай кетті

29.06.2023

Елде  құмар ойындар саласындағы қызметтер 8 есе өскен

13.01.2023

Қазақстанда күріш экспортын 31% – ға артты

20.08.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа