No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Ansar foods” кәсіпорны жылына 10-15 мың тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр

Италяндық негізде жасалған отандық Cezaro макарон өнімдері туралы білесіз бе?

20.12.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
92
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

“Ansar foods” кәсіпорны Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Алмалыбек ауылында орналасқан. Компания қысқа уақыт ішінде аймақтағы макарон өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынға айналды. Фабрикада 21-ден аса өнім түрі шығарылады. Өнімділік қуаты жылына 2,5 мың тонна, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.

Аталған кәсіпорын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіндегі өнімдердің бірі, көпшілік күнделікті тұтынып жүрген «Cezaro» макарон өнімдерін шығарып, облыс, қала халқын қамтып отырған алып өндіріс ошағы.

Кәсіпорын 2013 жылы «Cezaro» жеке кәсіпкерлігі болып Алмалыбек ауылында ашылды. Кәсіпкер Жандос Серікбаев басшылығының арқасында шағын бизнес бүгінде алпауыт кәсіпорынға айналды.

Айта кетерлігі, Жандос Медеуұлы италиялық ItalPasta маркалы кеспе шығаратын бір станок және екі кептіру камерасынан бастаған еді.

«Ашылғанда алдымызға италяндық технология бойынша сапалы кеспе өндірісін міндет ретінде қойдық. Одан бөлек өндірілетін кеспенің стандарттарға сәйкес әрі тұтынушының көңілінен шығу жағын да ойладық. Cezaro кеспелері көп көңілінен шыға бастаған соң шағын кәсіпті кеңейтуді қолға ала бастадық. Осылайша 2014 жылдан бастап отандық және ресейлік дистрибьюторлармен келісімшартқа отырдық», — дейді Жандос Медеуұлы.

Бүгінде кәсіпорын 60 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жыл сайын өнімнен бөлек, цехты да кеңейтіп, құрал-жабдықтар санын арттыруды да қолға алған. Осылайша өндіріске қажетті құрал-жабдықтар мен кептіру камераларының саны артты.

«2020 жылы жеке кәсіпкерлік атауын «Ansar foods» ЖШС деп ауыстырдық. Одан бөлек сол жылы құрал-жабдықтарды жаңалап, макарон өнімдерін шығаратын екі ItalPast линиясын сатып алдық. Өндіріс көлемі болса жылына 2,5 мың тоннаға дейін ұлғайды», — дейді кәсіпкер.

Мемлекеттің қолдауынсыз жетістікке жеткен кәсіпорын аумағы 80 соты жерді алып жатыр. Өндіріс аумағы 1500 шаршы метр болса, қоймалар 1000 шаршы және 200 шаршы метрде кеңсе орналасқан.

Сондай-ақ Жандос Медеуұлы келер жылғы жоспарымен де бөлісті. Айтуынша, өндіріс көлемін жылына 10-15 мың тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр. Ол үшін индустральды аймаққа көшуді жоспарлап отыр.

«Желтоқсан айында отандық өнім «Жайма»-ны шығара бастадық. Сатуды 15 желтоқсаннае бастап кеттік», — деген Жандос Медеуұлының айтуынша компания өнімдері Қазақстаннан бөлек, Ресей, Қырғыстанға экспортталады.

Ресей мемлекетіне 15 дистрибьюторға және отандық 15 дистрибьюторға өнім жеткізіледі. Ал Қырғыстанға бір отандық дистрибьютор.

«Біз әрдайым серіктестік желісін ұлғайту мәселесін назардан тыс қалдырмаймыз. Сондай-ақ аймақтық сауда желісін дамытуды да қарастырамыз. Компанияның алдағы 3 жылға жоспарында Өзбекстан, Грузия, Украина, Түркіменстан және Қытай нарығына шығу. Бүгінде біздің өнімді елдің 500 сауда нүктесінен және 500 желілік сауда дүкендерінен табуға болады», — дейді Жандос Медеуұлы.

Өнімді:

  • Magnum
  • Small
  • АДК
  • Carefood
  • Metro
  • Toimart дүкендер желісінен табуға болады.

Қазіргі уақытта макарон өнімінің 21 SKU немесе Cezaro кеспесінің 8 түрі өндіріледі. Яғни:

  1.  «Экспресс»;
  2. «Волнистая»;
  3. «Домашняя»;
  4. «Лагманная»;
  5. «Керемет»;
  6. «Классическая»;
  7. «Суповая»;
  8. «Восточная».

Өнімдер 250, 300, 350, 500, 1000 грамдық қаптамада шығарылады. 2023 жылы ассортимент көлемін 30-ға дейін арттыру жоспарда. Сонымен қатар 2022-2024 жылдар аралығында «Эконом» сегментінде өнім түрін шығаруды көздеп отыр.

2022 жылғы өндірістік базасы:

  • Жылына 2000 тоннадам астам өнім шығаратын ItalPast өндірістік желісі;
  • Тереңдігі 155 метр болатын Қаскелең су кен орнының суы;
  • Ұңғымадан тәулігіне 3 м3 дейін суды тазартатын заманауи су дайындау жүйесі
    немесе су магистралі;
  • Тәулігіне 6 тоннаға дейін жартылай фабрикатты макарон өнімдерін кептіруді қамтамасыз ететін итальяндық өндірістің 10 кептіру камерасы;
  • Ауданы 500 м2 асатын дайын өнімді қоймада сақтау.

Айта кетерлігі, компания кәсіпкердің жеке қаражатына құрылған. Ешбір қолдаусыз, мемлекет грантынсыз айналымдағы қаражатты орынды жаратудың нәтижесінде бүгінгі жетістікке жеткен.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Таратылған 9 банк салымшылары ақшасын ала алды ма?

27.08.2022

«Активтер» мен «пассивтер». Айырмашылығы неде?

12.01.2023

Бизнес шот-фактураларды бұғаттауға қатысты нормаларды енгізу

20.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа