“Шаштараз-стилист болып 33 жыл жұмыс істеймін. 2019 жылдан бастап сөйлеу, есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға шашты сәндеп жасаудың қыр-сырын үйретемін. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ, уақыт өте келе мүмкіндігі шектеулі адамдардың дені сау мамандармен қатар сапалы қызмет көрсете алатынына көз жеткіздім”, – деді орталықтың негізін қалаушы Құралай Байғалиева.
Биыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында осы жобаны қолға алған Құралай ханым, бастапқыда қысқа мерзімді оқу курсын ұйымдастырған. Содан кейін жаңа салон ашып, осы курсты сәтті аяқтаған оқушыларды жұмысқа қабылдады.